+2 дауыс
52.1k көрілді
Кіндігімнің жас қаны, Тамған жерім ауылым! - деген өлеңнің сілтемесі керек еді?

2 жауап

+2 дауыс
 
Жақсы жауап
Ауылым

 Сөзі Ж. Бейсеновтікі,  әні Т. Базарбаевтікі

 Кіндігімнің жас қаны,

Тамған жерім ауылым.

Шабытымның асқары,

Самғаушы еді ауылым.

 

Қ а й ы р м а с ы:

 

Жастығымның күәсі,

Шұрқыраған ауылым.

Жусаны мен жуасы,

Бұрқыраған ауылым.     2 рет

 

 Биік-биік шың, құзға,

Құмар қылған ауылым.

Бүлдіршіндей бір қызға,

Сыңар қылған ауылым.

 

 Қ а й ы р м а с ы:

 

Әнмен таңды атырып,

Ән салдырған ауылым.

Сары қымыз сапырып,

Тамсандырған ауылым.    2 рет

 

 Көк түтінді шұбатып,

Желек созған ауылым.

Ай көрмесем құмартып,

Жүрек қозған ауылым.

 

Қ а й ы р м а с ы:

 

Көк торғындай көктемде,

Сағым қуған ауылым.

Алыс сапар шеккенде,

Сағындырған ауылым.     2 рет
0 дауыс
Я Не зНаю нигег0   осы өлеңді қайдан алдыңыз ауыцлтуралы басқа да бар ма?
...