+2 дауыс
"Өмірден түңілу" дегенді қалай түсінесіз?
09.04.2012 4.7k қаралым

3 жауап

+3 дауыс
✓ Үздік жауап
Жақсы жауап
"Өмірден түңілу"-қайғыру,жаны құлазу,келешектен үмітсіздікке бой алдыру,өмірден қатты шаршау,уайымға салыну деп түсінемін!Жалпы айтқанда өмірден түңілу-ол адамның мұң-қайғысы,уайымшылдығы!
09.04.2012
Болашақтан үміті жоқ адам дейсіз ғой.. Пікіріңізге рахмет!
+2 дауыс
Болашаққа деген сенімін жоғалту, өмірге пассивті көзбен қарау, рухани немесе материалдық қиыншылықтарға байланысты туатын кедергі, ертеңгі күніне сенбеушілік, өмір сүргісі келмеушілік, өмірді теріс ұғымда түсіну яғни оның теріс жақтарын ғана көру арқылы адасу. Әдетте өмірден түңілген адамдар тұйықталып, өмірді азапқа толы деп есептеп, қандай іс бастасада артқа тартып, тіпті ең аяғы өз өзіне қол жұмсауға дейін барады. Және өзінің өмірден түңілуіне айналасындағылар кінәлі, солардың кесірінен осындай күйге тап болдым деп ойлайды.
09.04.2012
Пікіріңізге рахмет !
0 дауыс
өмірден түңілу....стресс...азапқа толы күндер....ішінде сағыныш та бар.....жалғыздық.....
25.11.2012
127,958Сұрақ
322,882Жауап
153,169Пікір
72,993Қолданушы