+1 дауыс
Жазықтықта тік  бұрышты  үшбұрыш берілген, гипотенузасы 12 см.Кеңістікте берілген бір нүктеден үшбұрыш төбелеріне дейінгі қашықтық 10 см-ден.Үшбұрыш жазықтығынан кеңістіктегі нүктеге дейінгі қашықтықты табыңыз?
Жауаптары: а) 4 см
в) 7 см
с) 8 см
д) 6 см
е) 5 см
09.04.2012 3.1k қаралым

1 жауап

+1 дауыс
✓ Үздік жауап
Жақсы жауап
жауабы: 8 см
Егер суретін сала білсең, бұл есеп оңай шығады.
Есептің берілгеніне қарап суретін салсақ, табаны тік бұрышты үшбұрыш болатын пирамида аламыз, бұл пирамиданың бүйір қабырғасы 10 см тең болады. Үшбұрыш жазықтығынан кеңістіктегі нүктеге дейінгі қашықтықты табу үшін пирамиданың бүйір қабырғасының квадратынан  тік бұрышты үшбұрышқа сырттай сызылған шеңбердің радиусының квадратын алып тастаймызда түбірден шығарамыз.  Тік бұрышты үшбұрышқа сырттай сызылған шеңбердің радиусы тік бұрышты үшбұрыштың гипотенузасының жартысына тең.
sqrt(10^2-6^2)=8см
sqrt-бұл жерде түбірді, ^-дәрежені  білдіреді
09.04.2012
рахмет сізге! Тәңірім жарылқасын!
127,959Сұрақ
322,882Жауап
153,169Пікір
72,997Қолданушы