Бұл сұраққа жауап беру оңай емес екен. Жақсы жігіттер бар,немесе жоқ деп жауап беру үшін сенің көзің нені жақсы деп көретінін, ақылың нені жақсы деп қабылдайтынын білу керек шығар. Кім біледі сенің жақсы дегенің біреуге жаман болып көрінуі де мүмкін, болмаса керісінше. "Біреудің қаңсығы біреуге таңсық"-дегенді халық бекерше айтпаса керек.Негізі жаман деген нәрсе тек салыстырмалы ұғым. Кез- келген нәрсенің жақсы жақтары болмауы мүмкін емес, бірақ соны көре білу керек шығар. Жігіттер де сондай, кез-келген қазақ жігітінің бойында ҚАЗАҚ деген халықтан дарыған жақсылық ұшқыны бар, тек соны көріп, маздата білу керек.
Сонда мұндай сұрақ тумайды.