0 дауыс
40.8k көрілді

1 жауап

+2 дауыс
 
Жақсы жауап
1.Бастауыш зат есімнен болып, баяндауыштар атау тұлғалы зат есімі болса, араларына сызықша қойылады. Мысалы: Алтын – металл. Махамбет – ақын.
 2. Бастауыш заттанған сын есімнен, сан есімнен және есімшеден болып, баяндауыш зат есім болса, бастауыштан кейін сызықша қойылады. Мысалы: Қыздардың үлкені – Майра да, кішісі – Сайра. (Б.Соқпақбаев) Үш – тақ сан. Ұзын белдің бойында биік таудай мұнартқан – Қарағанды.
 3. Бастауыш сілтеу есімдігінен немесе жіктеу есімдігінің ІІІ жағынан болып, баяндауыш зат есімнен болса, бастауыштан кейін сызықша қойылады. Мысалы: Бұл – үлкен қуаныш. Ол – үлгілі пионер.
 4. Бастауыш тұйық етістіктен (дара я күрделі) болып, баяндауыш зат есімнен болса немесе, керісінше, бастауыш зат есім, баяндауыш тұйық етістіктен болса, араларына сызықша қойылады. Мысалы: Тасегеннен жол тарту – бәрімізге ортақ іс (Ғ.С.)
 5. Бастауыш та, баяндауыш та сан есім болса, араларына сызықша қойылады: Мысалы: Бес жерде бес – жиырма бес.
 6. Сілтеу есімдігі мен жіктеу есімдігінің ІІІ жағынан болған бастауыштарды көршілес тұрған зат есімнен болған сөйлем мүшесінің анықтауышы деп шатастырмас үшін бастауыштан кейін сызықша қойылады. Мысалы: Бұл – жазушының байқағыштығын көрсетеді. («ҚӘ»). Жақсы – ісімен жақсы. Көрмес – түйені де көрмес.
 7. Сан есімнен болған бастауышты күрделі сан есімнен болған мүшеден ажырату үшін соңынан сызықша қойылады. Мысалы: Жүз жиырма – беске бөлінеді.
 8. Жалпылауыш сөздер бірыңғай мүшелердің алдында келсе, соңынан қос нүкте, артында келсе, алдынан сызықша қойылады. Мысалы: Қазақстан Алтайындағы қылқанды ағаштар: май қарағай, бал қарағай, самырсын, шырша – барлығы бағалы ағаштар.
ботакан коп коп рахмет))))))
...