+1 дауыс
9.0k көрілді
- Алда,байғұс-ай!
-  Бейбақ-ай!
- Болары болды!
-  Бейшара-ай!
- Оқасы жоқ!
- Жетімегім-ай!
- Сорлы-ай!
- Қайтер дейсің.
- Ештеңе етпес.
- Обал-ай!

Осы сөздерді қатыстырып ))

6 жауап

0 дауыс
-он күндік еңбегіміздің тең жартысы 5 минутта бүлінді, обал-ай!
-қайтер дейсің, түзетуге болмайды, болары болды, ештеңе етпес
-Бейбақ-ай, он күндік еңбегімізді түзетпесек не болмақ, сорлы-ай!
-оқасы жоқ, бір нәрсе ойлап табармыз
Рахмеет көөп-көөп Динажан  )
Белгісіз
арзымайды)) басқасына істей алмадым
Белгісіз
Жарайды,басқа да қолданушылардың жауаптарын кутейін)
Белгісіз
0 дауыс
Иии, қу жетімегім-ай, сезімтал бала екенсің ғой – деп Мәстен солқылдаған күйі мені құшағына тартты.
Сорлы-ай, іс істегенде жаныма келме дегенді сен де бір тындасайшы, - деп Айжан қызын итеріп тастады.
Қайтер дейсің Айбол бір күні өз қатесін мойындайды ғой,әйтеуір!
Ештеңе етпес, Маржан, өзгерістер болады алда! - деп жұбаттым өзімді.
Обал-ай,байғұс балаға жаның ашысаң етті!
Рахмет Айс)
Белгісіз
Оқасы жоқ,Гоха!
0 дауыс
Алда қаншама қиындықтардың күтіп тұрғанын қарашы, Боранбайдың баласына жаным ашиды, байғұс-ай!
Әй, бейбақ-ай, итім арық десе ашуым келеді, қу тірлік сені қинады ғой!
Енді қайтпексің оны, болары болды, бояуы сіңді, түзетуге келмес?!
Ажалы жетіп өлген екен, бейшара-ай, арты қайырлы болсын!
Оқасы жоқ, күнім, сеннен қайтпаса да бір Алладан қайтар!
Жетімегім-ай, әке-шешеңді тауып беруді өз мойныма аламын!
Сорлы-ай, қу басыңа бәле тілеп алғанын қарашы, тыныш жүрсең қайтеді а?
Қайтер дейсің, оның басқа амалы бармеді?
Жарайды, ештеңе етпес, жөндеуге келеді, өзім-ақ жөндеймін.
Обал-ай, қураған сүйегі шіритін болды!

Бола ма?
Иәә,рахмет Жасико)
Белгісіз
+2 дауыс
Көрші 1:  *Ойбууу, Алда, Байғұс-ай жалғыс тауығымды, сенің итің жеп кетіпті...*
Көрші 2: *Недейд, Бейбақ-ай! менің итім байлаулы тұр ғой...*
Көрші 1: *Қарасай, аузында менің тауығымның қауырсыны жапсып қапты, бейшара-ай!*
Көрші 2: *Ааа, обал-ай, ендеше тауығың біздің шарбақта не істеп жүр.*
Көрші 1: *Күнде екі жұмыртқадан туып тұр ед, жетімегім-ай, енді не жейміз...*
Көрші 2: *Көрші-ау, ештеңе етпес, менің тауығым құрық салып жүр, соның бес балапанын берермін..*
Көрші 1: *(Жалт қарап) Ааа, ондай болса қайтер дейсің, ештеңе етпес!*
*(Көрші 1: Осы айтқаныма сеніп қалған ақымақ сорлы-ай, енді менде 6 тауық болатын болды... :D*
))) Көрші 1 - сондай пайдакүнем екен ше!!
–1 дауыс
Алда байғұс-ай болары болды бейбақ-ай,оқасы жоқ қайтер дейсің сорлы-ай жетімегім-ай,ештеңе етпес обал-ай,бейшара-ай!
0 дауыс
"Жарау" деген сөзге керемет сөйлем құрып беріңіздерші өтінемін)тезірек істей аласыздар ма өтінішім орындалады деп ойлаймын!!?
...