0 дауыс
11.8k көрілді
Бармақ деп аяқтың саусақтарын айта ма әлде қолдың саусақтарын айта ма?"Бармағынан бал тамған" деген тіркес қол саусақтарына қатысты емес пе? Жауаптарыңыз фактіге сүйеніп жазылған болу керек.

4 жауап

0 дауыс
Қолдың басқаларына қарағанда төменірек орналасқан саусағы және аяқтың шетіндегі жуан саусағы.
Ең үлкен, бірінші саусақтың «бармақ» аталатынын түсіндіріп жату артық:
*«хат білмесең бармағыңды бас...» (Ақынжанов),*

Сөздің алғашқы атауы заттың атқаратын қызметіне байланысты туған сияқты. Монғол тілінде: барь — ұста; барих — ұстау іспеттес мағыналарда айтылады. Қолдың саусақтарының, оның ішінде бірінші саусақтың атқаратын басты қызметі — белгілі бір затты ұстау.[толығырақ][1]


  [1]: http://kk.wikipedia.org/wiki/%D0%91%D0%B0%D1%80%D0%BC%D0%B0%D2%9
+1 дауыс
БАС БАРМАҚ

Сұқ саусақ балаң үйрек

Ортаңғы саусақ ортаң терек

Аты жоқ саусақ шылдыр шүмек

Кішкентай саусақ шынашақ

Қара,Бас бармақ

![description][1]


  [1]:
Мына адамның бармағы ұзын екен
Иә,ұзын екен.
Кішкене әдемілеуін қоймадың ба?:D
Тұра берсін,әдемі ұзын саусақ қой.
Пернелі аспапта ойнайтын шығар))
Мүмкін/мүмкін!
Сөйтііііііп..... өз сөзіңе қарсы шықтың ғой.https://surak.baribar.kz/115916/ мына жердегі жауабыңмен?
0 дауыс

Бармақ деп тек БАС бармақты ғана атамайды. Басқа саусақтар да - бармақ, мейлі қолдың саусағы болсын, мейлі аяқтыкі болсын. Яғни бармақ сөзі саусақ сөзінің синонимі. 

Бұқар жыраудың мына өлеңіне қараңдар:

Он бірінші тілек тілеңіз

ОН БАРМАҒЫ ҚЫНАЛЫ,

Омырауы жұпарлы,

Исі жұпар аңқыған,

Даусы қудай санқыған...

 

Адамда он БАС бармақ болмайды.

0 дауыс
Қолдың саусағының атаулары: бас бармақ, сұқ саусақ - балаң үйрек, ортаңғы саусақ - ортаң терек, аты жоқ саусақ - шылдыр шүмек, шынашақ - кішкене бөбек.

Аяқтың саусақтарын башпай дейді. Үлкен башпай, екінші башпай, үшінші башпай, төртінші башпай, кішкентай башпай.
...