Мәзір: Картоп қосылған тоқаш
Құрамы:
Ұн
Cүт
Маргарин
Ашытқы
Жұмыртқа
Тұз
Қант
Шімішкі май
Картоп
Пияз
Аскөк
Қамыры:
Маргариннің бірнеше кесегін табаққа салып, үстіне ашытқыны саламыз (ашытқыны ерітпедім);
Жұмыртқаны жарып, саламыз. Жылы сүт құйып, араластырамыз;
3 сағатқа жылы жерге қойып, көтерілгенін күтеміз.
Картоп езбесі:
Бұл уақытта тоқаштың ішіне салатын картобын дайындаймыз;
Картопты қабығынан ажыратып, қайнатып аламыз;
Піскеннен соң езіп, сүт пен сары май салып, жұмсартамыз;
Табада пияз бен аскөкті қуырып, картоп езбесіне қосып араластырамыз;
Тоқаш:
Енді көтерілген қамырды бірнеше бөліктерге бөліп, оқтаумен жаямыз;
Әр жаймаға бір ас қасық картоп езбесінен салып, аузын жапсырамыз;
Қызған майда қуырамыз;
Тоқаш әзір! Ас дәмді болсын!