+7 дауыс
15.2k көрілді
Мысықтың емдік қасиеті бар дейді. Үсіне жатса ауруды тартып алады деп еді апамыз. Сол рас па?

9 жауап

+23 дауыс
 
Жақсы жауап

Мысық жалғыздығыңды білдірмейді, шаршағаныңды басады, қан қысымын қалыпқа түсіреді. Оның биоөрісі жүрек жұмысын қалыпқа келтіреді, тамыр және бас ауруларын жазады, жараның жазылуын тездетеді.

Мысық – қожайынының ауырып тұрған жерін дөп басып білетін тамаша энергиялық-ақпараттық құрал. Адам ағзасындағы ауыратын дене бөлігінде энергиялық әлеует өзгереді, ал бұл өзгерісті мысық қатты сезеді.

Ұзақ уақыт бойы мысық жанында болып, мамық майда жүнінен сипап қойып, оның мияулағанын есту – иммундық жүйеңізді күшейтеді. Сондай-ақ, денсаулығыңыз жақсарып, ұзақ өмір сүруге де ықпал етеді.

Мысықтың мияулаған даусы – 20-дан 50 герцке дейінгі белгілі дыбыс толқындары. Оның осы мияуы организмнің қорғаныш күшін арттырады, жараның жазылуын тездетеді. Мұндай жиіліктегі дыбыс толқындарының әсері нәтижесінде сүйек тығыздығы артып, қол-аяқтың морт сынуы азаятын көрінеді.

 

мына жауап маған қатты ұнады, Жарайсың!!!
http://www.aktobegazeti.kz/?p=3658 Мысық-емші

Мысықпен емдеу тәсілі «фелинотерапия» деп аталады.
+10 дауыс
Егер мысықтың емдік қасиеті болса, неге дәріханаларда мысықты сатылымға шығармайды? Науқас болып қалсақ мысықты қойнымыздан шығармас едік......
Қызық естіледі екен. Стерильный мысыктан 2 штук беріңізші дейсіз бе? ))
(*_*)   ))))))))))))))))))))))))))))))))))
мысық тек өзін жақсы көретін адамның жанына жатадығой! Оны қанша күштеп ұстап жатудың бәрібір пайдасы жоқ!, босқа қолыңды тырнап тістеп тастайды!!)))
+11 дауыс
Мысықтың емдік қасиеті туралы бірнеше мақалаларды оқығанмын.Емдік қасиеті бар деп ойлаймын.
+12 дауыс
Мысықтың емдік қасиеті бар,тіпті түнде шошынсаң да мысық өзі біліп жетіп келеді.Мысық саған көрінбейтін шайтанды да көреді,арпалысып тоқтамай кетеді.
Мине кызык! Мен озим мысыктарды оте жаксы коремин! Алайда уйдегилер асыратпайды! Мысыктын емдик касиети бар екенин еститинмин бирак мынандай толык маглумат естимеппин. Енди мысыктарды оданда жаксы корип кеттим-)
+3 дауыс
Аллаһтың барына сенсең ол сенің аурып тұрған жеріңе келіп жатады да емдейді (шариғатта жазылған)
+1 дауыс
мысалы:мен мысықты өте жаман көремін сосын мысық маған жақындамайды даусы мүлдем жағымсыз  сонда қалай?
Сен жек көрсен ол саған қалай жақындасын!
Мысалы мен мысықты жақсы көрем!
+1 дауыс
Иа, Менің мамам солай айтады. Мысық ауырғаныңды Біледі дейді ғой.
+2 дауыс
Мен мынадай аңыз естідім :
- "Бір күні пайғамбарымыз алыс  сапарға жолға шығады. Сөйтіп, бір күні түнде пайғамбарымыз ұйықтап жатқанда, жылан келіп шағып алмақшы болады. Сол сәтте пайғамбарымыздың мысығы әлгі жыланды тырнап, мияулап жатады. Сол кезде пайғамбарымыз оянып кетеді, мысығының даусынан. Әлгі мысыққа Қараса қасындағы жыланды пайғамбарымызға жолатпай тұрған екен. Содан пайғамбарымыз мысықты киелі, қасиетті  жануар ретінде санаған"
Қазірде адамдар айтып жатадығой "МЫСЫҚТЫҢ ҚАРҒЫСЫНАН САҚТАСЫН" деп. Кім білсін бәлкім осындан шыққан шығар! Мен өзім мысықты жақсы көрем, алайда дәл қазір үйімізде мысық жоқ.
+2 дауыс
мысықтың емдік қасиеті бар және мысықтың мияуынан шайтан қашады дегенді естігенмін.ертеде жаңа уй салғанда ішіне ең бірінші мысықты кіріп аластайды екен және мысықты пайғамбарымыз да бағалаған яғни мысықтың жақсы жақтары көп

Ұқсас сұрақтар

...