0 дауыс
5.4k көрілді
ислам дінінде сурет салуға болмайды делінген, ол не үшін екенін жақсы білемн. бірақ мен сурет салғанды жақсы көремін, менін салатын суреттерім шынайы адамдар, табиғат емес, олар мултьфилмдер алынған, аниме суреттер, яғни біреудін салған суретіне қарап саламын. менін суреттерім шариғатқа қарсы емеспа?

4 жауап

0 дауыс
Мұнда дін туралы сұрақтар қоюға болмайды емес пе? Сайттың ережесін оқыдыңыз ба?
0 дауыс
мүлдем сурет салуға болмайды дегенді естімедім, салуға болмайды Пайғамбарымызды (с.ғ.с) сахабаларын және оны мешітке ілуге болмайды.
0 дауыс
Аллаһтың атымен.
Жанды нәрсенің суретін салуға болмайды. Оған дәлелдер бар:
Абдулла ибн Масғуд (Алла оған разы болсын) жеткізген хадисте ол: Мен Пайғамбарымыздың (Алланың оған игілігі мен сәлемі болсын):»*Қиямет күні азабы ең қатты адамдар – сурет салушылар»* – дегенін естідім. (Бухари мен Муслим риуаят еткен)
Айша анамыз (Алла оған разы болсын) айтады: Суреттері  бар бір жастық сатып алған едім.  Алланың елшісі (Алланың оған игілігі мен сәлемі болсын) оны көрген кезде есік алдына тұрып, үйге кірмей қойды. Мен оның жүзінен жақтырмағанын сездім, кейін:

–       Иа Расулалла, Алла  мен Оның елшісіне тәубә, менің жазығым не?– дедім.

–       Мына жастық қайдан келген? – деді.

–       Оны сізге оған отырарсыз не астыңызға қойып жастанарсыз  деп алдым – дедім.

–       Қияметте бұл сурет иелері азапталады да оларға: «Жаратқан бейнелеріңе жан беріңдер, делінеді», кейін: «Суреттер болған  үйге періштелер кірмейді», деді.
Бұрын сурет салған болсаң саған тәубеге келу қажет. Аллаһ құранда: «Әй, мүмiндер, түгел Аллаһқа тәубе етiңдер! Мүмкiн  құтыларсыңдар» (“Нұр” сүресi, 31-аят)
тәубенің 3 шарты бар:
1-күнә істегеніне өкіну
2-кешірім сұрау
3-қайталамау
Аллаһ жақсырақ біледі.
0 дауыс
суретті салу өте күнә .
...