+2 дауыс
2.4k көрілді
Бас ауруына ем бар ма? Дамылсыз ауыратын баска ем бар ма?

2 жауап

+1 дауыс
 
Жақсы жауап
Бас ауруы. *Оған да әртүрлі сырқаттар себеп. Қан тамырларының қызметі бұзылса (гипертониялық аурулар, бас сақинасы) миға қан біркелкі келмейді, содан бас сырқырап, солқылдап ауырады.Оның инфекциялық аурулардан да, көз сырқатынан да (алыстан көре алмау), құлақтың ауруға шалдығуынан да, уланудан да, ішімдікке салынудан да, шылым шегуден де, шаршағаннан да болатын кездері көп. Бас ауырғанда оған грелка қоймайды, ұйықтататын дәрі-дәрмек ішпейді. Бассырқатын басатын жағдай-лар: күнделікті режимді қатаң сақтау, уақытында тамақтану, желдетілген бөлмеде жайлы ұйықтау, серуендеу, суға шомылу, емдік гимнастикалар жасау.*
![description][1]
Бас ауруында тамақтану. *Бас ауруына қарсы дәрілерді көп қолданғанда ағза оған үйреніп алады да, соны іздеп тұрады. Ауруды уақытша тоқтатқаннан гөрі, ағзаның қорғаныс қуатын арттырған дұрыс. Мұндайда тамақтануға көңіл бөлу бірінші орында. Кей жағдайда шоколад, кофе, шай, цитрус жемістері немесе никотин, тағы да басқаларға ағзаның қарсылығынан да бас ауырады. Мұны қан қысымын өлшеу арқылы анықтауға болады. Егерде жеген тағамыңыз ағзаның қарсылығын туғызбаса ғана мынандай емдерге, істерге көшіңіз: әуелі ағзаны тазалап алыңыз. Ол үшін 2-3 күн қатарынан жеміс, көкөніс шырындарынан басқа нәр татпау қажет. Шырынды қайнаған сумен араластырып, таңертеңгі сағат 8-ден кешкі сағат 8-ге дейін әрбір 2 сағат сайын ішкен жөн. Ішекті тазалау үшін күніне 1 рет клизма жасалады. Осылайша 2-3 тәулік ашыққаннан соң келесі күндерде ас-ауқат жеміс-жидектер болуға тиіс. Негізінен, басы ауыратындар көбінесе жеміс-жидек, көкөністер мен жаңғақтар, астық және сүт өнімдерімен тамақтанса, ол өте пайдалы. Күніне 3 рет емес, аз-аздап 6 рет тамақтанған дұрыс. Тәтті (кондитерлік өнімдер, торттар, т.б.), ащы (тұз-далған, қақталған т.б.), қалбырланған тағамдар-дан аулақ болу қажет.
Бас ауруына В тобы-ндағы дәрумендерді пайдаланады. Сол себепті, әсіресе, көктемде дәрігермен ақылдасып, осы топтағы дәрумендерді қабылдайды. Сұйықты көп ішкенде ол ағзаны улы қалдықтардан, зиянды заттардан арылтып, бас ауруын жазуға шипасын тигізеді.*


  [1]:
0 дауыс
[Мынаны][1] оқып көріңіз.


  [1]: https://surak.baribar.kz/26448/
коп рахмет сизге Мади! Алла разы болсын!
...