Баяғы жартас, сол - жартас! Қазақ тілінің жағдайы 20 жыл бұрын қандай болса, әлі де сол! Мүмкін сәл-пәл жақсарған шығар! Оған кедергі болып отырған меніңше орыс тілі! Себебі орыс тілі бізде ресми тіл деген мәртебеге ие. Қазақта сөз бар ғой: "Екі кеменің құйрығын ұстаған суға кетеді" деген, осылай бола берсе қазақ тілінен айырылып қаламызба деп қорқамын. Тіпті көрші қырғыз елі тіл мәселесіне келгенде бізден оқ бойы озып тұр. Қырғыздар орыс тілін ондай мәртебеден айырғалы жатыр, өз тілдерін биік көтеріп, қолпаштап жатыр.