0 дауыс
8.3k көрілді
Маған тоғыз құмалақтың мықты жүрістері керек ед?Жане кабинатциясы керек? Достар блсендер жазындарш?(rofl)

7 жауап

0 дауыс
 
Жақсы жауап
Тоғызқұмалақ ойындарының көб жүрісі интернетте жоқ.Сондықтан кіпат түрін сатып ал.Тез үйренесің.
0 дауыс
иа, қазір тоғызқұмалақ кабинатциясы еш жерде жоқ.http://www.iggamecenter.com сайтымен ойнай берсен үйренесін.Мен осы сайтпен көптеген  кабинатция үйрендім.
казакстански сайттар жоқпане мынау комго кз жокпа немесе нет,орг
Белгісіз
+1 дауыс
Ондай сайт қайдан болсын,осы сайттың өзі бізге үлкен мәртебе.Егер ішін түсінбесен тілді қазақшаға ауыстыр
<a href='http://ImageZone.kz'> <img src='http://ImageZone.kz/pictures/6019412ca1a6b3e344bbf81c8a21ecbd.png'> </a>
Ал комга тоғызқұмалақ ойыны жоқ.Тек электрондық нұсқасы бар
+1 дауыс
Мына логинге авто жібер мико-онлине.кз менде бар саған жіберем.
0 дауыс
Ойынды жазып ойнау тәртібін үйренудің еш қиындығы жоқ. Жазуды меңгеру – ойналған ойындарды есте сақтауға, жүрілген жүрістерді талдауға көп көмектеседі. Шебер ойыншылардың ойындарын талдау арқылы өз шеберлігін арттыруға, жіберілген кемшіліктерді екінші жолы қайталамауға болады. Жарыс барысында қарсыластың алдап кетуінен сақтанып, әр ойынның сырын тереңінен ашуға септігі тиеді. Жазып жүрудің екі түрлі тәртібі бар. Толық жазу және қысқа жазу тәртібі.

Толық жазу үлгісі төмендегі ретпен жүргізіледі:

1. Жүрілетін отаудың нөмері көрсетіледі.

2. Отаудағы құмалақтар саны жазылады.

3. Соңғы құмалақ түскен отаудың нөмері.

4. Ондағы құмалақтар саны.

5. Тұздық алынған жағдайда X белгісі қойылады.

6. Қос нүкте (:) – табысты жүрісті, сызықша (–)

– жай жүрісті бейнелейді.

7. Леп белгісі (!) – күшті жүріс.

8. Сұрақ белгісі (?) – қате жүріс.

9. 2 леп белгісі (!!) – өте күшті жүріс.

10. 2 сұрақ белгісі (??) – өте қате жүріс.

11. Сұрақ және леп белгісінің қатар келуі (?!)

– ойландыратын жүріс.

Енді осы жазу үлгісін нақтылы мысалмен талдап көрелік. Мысалы, бастаушы ойыншының 1.79:610 жүрісін жасаса, онда 7 – отаудың нөмері, 9 – сол отаудағы құмалақ мөлшері, : – табысты жүріс, 6 – сонғы құмалақ түскен отаудың нөмері, 10 – ондағы құмалақ мөлшері.

Қысқа жазу үлгісінде тек отау нөмірлері ғана көрсетіледі. Мәселен, №1. 76.

Сонымен қатар турнир нотациясы туралы С.Тілеубаевтың "Тоғызқұмалақ әліппесі" кітабында:

"Турнир нотациясында жүріс басталған және аяқталған (соңғы құмалақ түскен) отау номерлері қосылып, екі таңбалы санмен өрнектеледі. Жүріс кезінде тас (құмалақ) алынып, ол табысты болса, онда жүріс таңбасынан кейін үтір қойып, тағы да қазанға жиналған барлық тас санын (қорды) көрсететін екі таңбалы санды жазамыз, яғни жүріс үтірмен бөлінген төрт таңбалы сан болады. Мысалы, 6 отаудағы тастар жүріліп, қарсыластың 1 отауындағы тастарды ұтып алғанда, өз қазанынан жинаған тастар саны (қоры) 35 болса, онда жүріс 61,35 цифрларымен көрсетіледі.

Егер жүріс кезінде тұздыққа тас (құмалақ) түссе, онда түскен тас санын (1,2 цифрларын) ғана жүрістен кейін жазып, үтірмен бөліп қояды", – дейді[9.9].

Осы айтқандарды С.Тілеубаевтың "Тоғызқұмалақ әліппесі" кітабындағы мысалмен түсіндірейік. Мәселен, Имакеев Н. (Қырғызстан) – Момбеков Б. (Қазақстан) ойынында қырғыз корғанысының негізгі жүрістері жасалды. Осы ойынның 10 жүрісінің жазу тәртібін С.Тілеубаев нұсқасы бойынша көрсетелік. Сонда:
1. 76,10 98

2. 66 87,4

3. 12, 22 76, 8

4. 78 78

5. 58, 26 92, 22

6. 36Х 15Х

7. 94, 2 92.

8. 16 49,29

9. 86,2 13,1

10. 79 82

Осы жүрістерден кейін тақта басында төмендегіше жағдай қалыптасады.

 

 

30

 

 

4
1
5
X
17
2
17
6
1

4
7
6
19
X
5
1
2
2

 

 

33

 

 

 

Енді осы жүрістердің кейбірін жазу тәртібі бойынша талдап көрейік. Мәселен, 1.76,10 жүрісі. Бұл жағдайда 7 – жүріс жасалған отаудың номері, 6 – соңғы құмалақ түскен отаудың номері, ал үтірден кейінгі 10 – ұтып алынған құмалақ саны болуымен қатар, қазандағы құмалақ мөлшерін де көрсетеді. 6. 36Х жүрісіндегі X – тұздық белгісі болуымен катар, бастаушы ойыншының №6 отаудан тұздық алғанын білдіреді. 7. 94, 2 және 9. 86, 2 жүрістеріндегі үтірден кейінгі 2 – тұздыққа түскен құмалақтардың мөлшерін білдіреді.

Әрине, С.Тілеубаев ұсынған бұл жазу тәртібінің тиімді жақтары болуымен қатар, кемшілік тұстары да жетерлік. Мәселен, осы ойындағы 7, 9 жүрістердегі үтірден кейінгі – 2 саны тұздыққа түскен құмалақ мөлшерін білдіргенімен, қарсыластардың тұздығының қайсысына тиесілі екенін нақтылы анықтай алмаймыз. Сондықтан осы ерекшеліктерді ескере отырып, ойынды жазу тәртібінің жаңа бір түрі ұсынылады.

Бұл жазу тәртібінің ерекшелігі – әр жүрістен кейін ұтып алынған құмалақтар мөлшері қазандағы құмалақтар мөлшеріне қосылып, жалпы саны жазылады. Сонымен қатар қарсыластардың тұздығына түскен құмалақтар да бірден қазандағы құмалақтар мөлшеріне қосылып жазылып, үнемі көрсетіліп отырылады және құмалақтар кімге тиесілі екені арнайы таңбалар аркылы бірден белгілі болады. Ол үшін ойыншы өзінің тұздығына түскен құмалақты – кішкене х-пен, ал қарсыласының тұздығына түскен құмалақ үшін жүріс жасалған отаулар арасына – дефис белгісін қояды. Сонымен катар, жай және табысты жүрістен басқа, ойынның табиғатына жақын жүрістің ерекше түрі – тұздықты жүріс шығады. Енді осыны Н. Имакеев және Б.Момбеков ойынының алғашқы 10 жүрісімен түсіндіріп көрсетейік.

1. 76 (10) 98

2. 66 87 (4)

3. 12 (22) 76 (8)

4. 78 78

5. 58 (26) 92 (22)

6. 36Х (29) 1–5Х(25)

7. 94х (31) 92

8. 1–6 4–9х (29)

9. 8–6х (33) 13 (30)

10. 79 82

Ойынды жазу тәртібін ұсынған С.Тілеубаевтің нұсқасына біздің ұсынып отырған үлгіміз 6 жүріске дейін ұқсас болғанымен, ары қарай ерекшелене бастайды. Мәселен, 9. 8–6х (33) жүрісінде 8 саны – жүріс жасалған отаудың реттік нөмірі, дефис – қарсылас ойыншының тұздығына түскен құмалақты, 6 саны – соңғы құмалақ түскен отаудың реттік нөмірі, ал х – құмалақтың өз тұздығына түскенін білдіреді. Жақша ішіндегі 33 – құмалақтардың казандағы мөлшерін білдіреді. Кейде байлық таратылғанда бірден 2–3 құмалақ тұздыққа түсуі мүмкін. Мұндай кезде құмалақтардың мөлшері қазандағы құмалақ мөлшеріне қосылып жазылады.

^ 3.2 Тоғызқұмалақ әліппесі

Тоғызқұмалақ ойынындағы 5 құмалақтан 2 құмалақ ұтып алу тәсілі – тоғызқұмалақ әліппесі деп аталады. Өйткені шағын сипаттағы комбинация жасауға осы мөлшердегі құмалақ керек. Оның 2 қалыпты жағдайы бар.

I. № 8 отауда 3 құмалақ, № 9 отауда 2 құмалақ.
1. 81 --

2. 92 23

3. 89 34

4. 91 13

5. 91 (2)

II. № 8 отауда 4 құмалақ, № 9 отауда 1 құмалақ.
1. 91 --

2. 82 23

3. 89 34

4. 91 13

5.91 (2)

Бұл тәсіл көп жағдайларда ойыншы атсырауға ұшыраған кезде қолданылады. Мысалы,

 

 

72

 

 

2
2
1













1
2
2

 

 

80

 

 

 

Осы тақтадағы жағдайда қарсыластар құмалақтарын № 9 отауға жинаса, бастаушының 4 жүрісі, қостаушының да 4 жүрісі бар. Егер бастаушы осыны ескермей, № 9 отауға құмалақтарын жинаса, атсырауға ұшырап ұтылып қалады.

1.89 89

2.89 89

3.78 78

4.89 89

5.93 12

6. 91 12. Ұтыс кара жағында 72-90.

Сондықтан бұл жағдайда ақ жағы 5 құмалақтан 2 құмалақ алу тәсілін пайдаланып, ұтысқа ие болады. Ол үшін 1. 78 жүрісін жүріп, жоғарыдағы бірінші жағдайға келтіреді. Сонда есеп 82-80 болады.

^ 4 Тоғызқұмалақ отауларының аттары және тұздық бағалау көрсеткіштері

Адамзаттың ақыл-ойының жемісі болып табылатын әрбір интеллектуалдық ойында – күрделі тартыстық жағдайлар көп туындайды. Бұл сәттерде тақта басында пайда болған әрбір позицияны терең есептеген, мұқият зерделеген ойыншы табысқа жетеді. Әрине, тоғызқұмалақшыға алғашқы жүрістен бастап ойынның мақсаты мен мәні, ондағы негізгі күштер мен оларды бағалау құндылықтарын қалай меңгергені әсер етеді. Сондықтан ойынды қандай теориялық негіздерге сүйеніп ойнау керектігі туралы ақпарат алудың маңызьі зор.

Бірқатар зияткерлік ойындарда негізгі құндылықтар мен оларды бағалау сатылары туралы толық ақпараттармен қарулануға мүмкін болса, кейбір ойындарда мұндай ақпаратқа ие болу шартты түрде жүзеге асады. Мысалы, шахмат ойынындағы фигуралар, олардың ара салмағы, орналасу реті, бағалау көрсеткіштері толығымен зерттеліп, нақтылы талданған. Немесе жапонның госы мен орыстың дойбысында да тақта басындағы құпиялық толык сақталмайды. Мәселен, дойбыда тақтаның сегізінші қатарында ғана биге шығу мүмкіншілігі ойыншыларға бірдей.

Ал калах, манкала ойындарында тұздықтың болмауы және оның қызметін жартылай қазан атқаруы да жұмбақ емес. Сіздің әрбір шарды калах-қазанға тұрақты түрде салып отыратыныңыз алдын ала белгілі. Ақпараттық құпиялылық сақталмайды.

Тоғызқұмалақ ойынында тұздық ережесінің барлығы және оның көшпелі сипаты ойынның тартысты болуымен қатар, негізгі күштердің құпия сақталуына да әсер етеді. Сіз қарсыласыңыздың қай отаудан тұздық алатынын ойын басталған сәттерде алдын ала бағамдай алмайсыз. Өйткені кейде тұздық алуды сіз жоспарлағаныңызбен, кейде қарсыластың өзі ұсынады. Ойын бағытын таңдау да – отаулардағы құмалактардың орналасу ретіне, тұздықтардың ара салмағына байланысты. Сондықтан тоғызқұмалақ ойынындағы ең негізгі мәнге ие құндылық – тұздық. Ол
0 дауыс
http://el.kz/632          мына жерде бар
0 дауыс
Современный тогызкумалак жазып ал сонда жүрістер бар чемпиондардын

Ұқсас сұрақтар

...