+2 дауыс
Тек шындарыңызды айтыңыздаршы...Қалай дайындалдыңыздар?толқу болды ма?қалай жеңе білдіңіздер?кеңестеріңіз болса тіпті жақсы болар едіі...
31.03.2012 868 қаралым

3 жауап

+1 дауыс
Сезімдеріммен бөлісейін! Шыны керек ең алдымен мектепке деген қимастық сезім бәрінен биік тұрды! Ал ҰБТ-ға деген қорқынышта басым болды. Әртүрлі ойлар келді! Қалай болады екен? сенімді ақтай аламынба? Оқуға түсе аламынба? т.б.с.с. Бірақ уақыт өте келе түсіндім құр қиялдау, қорқыныш бәрі өткінші екен! Ең бастысы дайындығың мықты болу керек екен! Дайындығымды тоқтатпадым! Мен аламын, менің қолымнан келеді деп ойладым! Ал тіпті тапсыра алмай қалсам, ештеңе етпейді, құдайдың маңдайыма жазғаны деп ойладым. Аллаға шүкір жақсы тапсырып шықтым! Қазір студент атадым! Сіздерге сәттілік тілеймін құрметті түлектер!!! Шын ниетіммен 3Б тілеймін: Яғни бап, бақ, блат!!!:)
31.03.2012
жауабыңызға көп рахмет!
Қанша балл жинадыныз,құпия болмаса
Орыс тілімен бірге 101 балл. Алып тастаса 81. Металлургия саласына грантқа түстім!
+1 дауыс
Отбасың үлкен үміт артса толқу болады ғой. 2 қалған уақытта Тарих жаттап бастадым, одан соң ШПОР іздеу оны қалай уютный қылып жасау дегендей оқиғалар болды. 1 апта қалғанда миды демалдырып алған дұрыс. 1 күн қалғанда ұйықтай алмай қаласың.
31.03.2012
шпорды пайдалана алдыңыз ба?????
маған түкпірден ең тиімді орын тиіпті Құдай жарылқап. Математика мен Физиканы шпордан 46-сын таптым ғой.
мадес!! сонда общий қанша алдыңыз?
121 баллллл
+3 дауыс
ҰБТ ны ең бірінші болып 2004 жылы бітірген түлектер тапсырды, яғни біз. Ол кезде әр пәннен 30 сұрақ болатын, сөйтіп 4 пәннен тапсыратынбыз. Пробное тестирование дегенді 1 ақ рет тапсырдық. Мұғалімдер тарапынан да біздің  дайындығымызды қадағалау дәл қазіргідей күшті болмады. Сөйтіп дайындық нашарлау болып тапсырғанмын. Ол кезде шпор, калькулятор алып кіруді білмейміз. Ойбай камера болады, комиссия жүреді, қырғын болады, ұсталып қалсаң шығарып жібереді деді. Ол кезде ұялы телефон дегенді оқушы тұрмақ үлкен адамдардың өзі енді - енді алып жүрген. Сонымен дымсыз кіріп тапсырдық. Шыққан кезде көңіл күйім жоқ, оқуға түсе алмайтын болдым деген терең ойға батып шықтым. Себебі өзімнің берген жауаптарыма қанағаттанбай тұрдым, дайындық нашар болғандықтан сұрақтар қиын болды. Бірақ құдай беріп, өзім қалаған мамандыққа грантқа түсіп кеттім ғой. Ал сіздер мектеп бітіруші іні - қарындастарым, еш уайымдамаңдар. Қазір сендерге жақсы жағдай жасалған. Кітап десең кітап, компьютер десең компьютер, интернет десең интернет, бәрі алдарыңда. Тек оқып, дайындалсаң болғаны, оқуға түсіп тұрсың. Сәттілік, еліміздің болашақ иелері!
31.03.2012
127,958Сұрақ
322,879Жауап
153,169Пікір
72,987Қолданушы