"Кім де кім Исламда жақсы жол бастаса (салса, үрдіс қалыптастырса, ойлап шығарса), ол адамға сол істің сауабы және өзінен кейін сол жолмен қияметке дейін амал еткен барлық амалдардың алатындай сауап жазылады. ... " (Сахих Муслим, 2-том, 705-бет, "Дәру Ихиа'ит-турасил-араби баспасы", Бәйрут.) Демек, Сахих Муслимдегі бұл хадистен Пайғамбарымызан кейін қалыптасқан барлық істердің жаппай адастырушы бидғат емес екендігі, тіпті кейіннен қалыптасқан кейбір шариғатқа қайшы емес істердің өте сауапты іс екенін аңғаруға болады.