+1 дауыс
950 көрілді
Сіз Қазақстанның ең сұлу аруы кім екенін білесізбе?

3 жауап

+4 дауыс
«Қазақстан аруы – 2011» байқауының ақтық сыны Алматыдағы Intercontinental қонақүйінде өткен.

 Тәуелсіздігіміздің 20 жылдығы қарсаңында ұйымдастырылған сән байқауының ақтық сынында 20 бойжеткен Қазақстанның ең сұлу аруы атағына бақ сынасты. Арнайы іріктеу­ден өткен ең таңдаулы ару қыздар екі апта бойы ән айту, актерлік шеберлік, макияж жасау, интеллектуалдық байқау және бұдан өзге де 10-ға жуық сыннан, көптеген кастингтен сүрінбей өтіп, түрлі әлеуметтік және қайырымдылық акцияларға қатысты.

 Ақтық сында әділ қазылар алқасы мен көрермендердің SMS дауыс беруі арқылы 20 үміткердің арасынан бес ару финалға шықты. Бес сұлудың ішінен талдықорғандық Айнұр Төлеуова «Қазақстан аруы» атағына лайық деп танылды. «I ару» атағын астаналық Мария Горбулько жеңіп алса, «II ару» атағын Арна Абдрахмани иеленді, ал «III ару» атағына Өскемен қаласының сұлу қызы Әсем Мамаева ие болды.

 Қазақстанның ең сұлу қызы атағының иегері Айнұр Төлеуоваға сұлулық тәжімен қатар, тұңғыш рет байқау тарихында 37 гауһар тастан тұратын алқа сыйға тартылды. Сондай-ақ бас жеңімпаз «Әлем аруы – 2012» халықаралық байқауына Қазақстанның атынан қатысуға жолдама алды. Тәжді «Қазақстан аруы – 2010» байқауының жеңімпазы Жанна Жұмалиева табыстады.
2012жылғы Ресейдің шығарған көрсеткіштеріне қарағанда 20арудың ішінен ең сұлу қазақ аруы Альфина Насырова болып есептелінеді.
Көп жандар толық мәліметіңе қуанышты.)   Жарайсың.
+1 дауыс
иә, білемін, ол сөзсіз менің қарындасым!
Қарындасың қуанышты.)           Жарайсың.
+3 дауыс
Ақиқат жалғыз,
Қазақтың
Қызының бәрі - ӘДЕМІ!!!
Барлық Қазақ қыздары қуанышты.) Жарайсың.
дұрыс айтасың!!!
...