–1 дауыс
130k көрілді
Жерді біз неге жер-ана деп атаймыз және жер неге домалақ емес пе?

5 жауап

+2 дауыс
 
Жақсы жауап
Жерді - Ана деп атайтын себебіміз, жерде біз өмiр суремiз. Яғни жерде аяғымызды басып жүрміз, жалпы айтқанда екiншi үйіміз. Барлық адамзатқа қажеттілiктер жерде өсіп-өнеді. Адам ауамен дем алмаса өмір сүре алмайды,ал сол оттекті бөлетін жерде тамырларын жая өскен талдың жапырағы,т.б бөледі. Сол үшінде Жер-Ана деп адамзат құрметтеген,құрметтейдi.
0 дауыс

Біз адамзат топырақтан яки жерден жаралдық. Сондықтан біз Жер-Ана деп атаймыз.

Табиғаттың басты байлығы – жер. Жер біздің қазынамыз, байлығымыз.

Адамдар, жан – жануарлар, өсімдіктер өз қорегін осы жерден алады.

Қасиетті Жер – Ана - алып күнді айналып жүретін жеті ғаламшардың ең құдыреттісі.

Ата – бабамыз осы жер үшін сан ғасырлар бойы қан төгіп, басын қатерге тіккен.

Адамның өмірі жермен тығыз байланысты.

Жерден қасиетті, жерден киелі дүние жоқ. Жер бар жерде ел бар. Яғни жер өмір сүрер ортамыз. Жер – адамның жарық дүниеге көзін ашқаннан тербеткен бесігі.

Адам өзінің туын - өскен жеріне деген шынайы сүйіспеншілігін, алаулаған сағынышын, қадір – құрметін жүректен шыққан құдыретті сөзбен, ойлы өлеңмен, сазды әуенмен, сырлы суретпен жеткізеді.

Дәйексөз

Баптағанға – жер жомарт

Халық даналығы

Түйін: Жерді күтіп, баптап, таза ұстау керек. Өйткені Жер – ана жомарт дархан көңілімен адамға барын бергісі келеді. Тіпті қазба байлықтары да жерден алынады. Түрлі жеміс – жидектерде, әсем гүлдерде, тіпті дәнді дақылдар да ұдайы суарып күтіп баптағаннан көбейе түседі.

0 дауыс

Жоспар:

1) Туған жер мені бақытым
2) Тарихты туған жер біледі
3) Жер байлығы - ел байлығы

Қасиетті туған жердің тау тасы да, топырағы да, талға біткен жасыл жапырағы да қымбат маған. Маған қымбат оның өзен көлдері,мені жұпар ауасымен бөлеген таза саф ауа сыйлаған табиғаты. Мен осыншама бағалауға бата алмайтын, құны байлықпен өлшенбейтін жасыл белдерді,асқар тауларды сүйемін.

Көңіл көкжиегімді әлдилеген асыл армандарымды туған жермен байланыстырамын.Себебі туған жер ол біздің ой өлшеміміз бойынша күнделікті басып жүрген жеріміз емес,тарихы терең отанымыздың белгісі болуы керек. Туған жер сенің ата-анаңды әлдилеген сенің мақтанышың болуы керек.Тарихтың таразысына көз жүгіртер болсақ туған жердің көтерген салмағы қандай ауыр десеңізші!

Тұла бойында талай дүмпулердің болғанына қарамастан жасқа толы көлдері қанға боялғанына қарамастан ұрпақ үшін өмір сүрудің не екенін танытқан туған жер емес пе?! Тарих толқынында адамзат жер үшін соғысқан. Сол кездері майданға толы жердің де жылайтынын кім білген. Жер ана қасиетті туған жер. Ол біздің белгісіз күшіміз. Ол біздің тылсым тарихымыз.Туған жердің 1000 жылдық тарихын зерттеп көрген адам бар ма?! Әрине жоқ! 1000 жылдық тарихты жер анадан басқа ешкім де білмейді.Байлықты көтергені былай тұрса да,тарихтың ауыр күндеріне қасқая қарсы тұрған жер ананың рухына таңғалмасқа болмайды. Байқасаңыз талай жауға қарсы тұрған батырлар жер ана топырағынан өздеріне қуат алған. Жер ана топырағын кеудесіне тосып тұмар таққан. Далада қалған талай дарабоздарды қасиетті қазақ халқы туған жеріне әкелген. Туған жер топырағын иіскеуге зар болыр кеткен боздақтар қанша ма?! Туған жер үшін соғысқа түсіп туған жер топырағы бұйырмаған қандастарымыз қанша ма?!

Жер байлығы ел байлығы. Қандай табылған сөз. Батырды намыс қоянды қамыс өлтіреді демей ме?! Заманында туған жердің байлығын қорғап қалу жолында жанын шүберекке түйіп талай батырла ржауға шапты. Мақсат қандай?! Мақсат бірінші кезекте ел намысын өз намысым деп қабылдау, ал екінші мақсат туған жер қазынасының жат қолда кетпеуі.

Қазақстан бүгінгі күнде жер астында да,үстінде де байлыққа кенелген тәуелсіз ел.Қазір елімізде менделеев кестесіндегі 99 элемент облысымыздың бірқатар өңірлерінде шоғырланған.Әсіресе ел экономикасында топ бастап тұрған жерінде мұнайы,өзенінде бекіре балығы бар қасиетті қар алтын мекені Атырау.Туған жер топырағы қашанда ыстық. Бірақ Атырау топырағы басқа облыс тіпті шет ел адамдарында байлығымен өзіне баурап алуда.Жері байдың елі бай деген осы болар.Атырау облысы әкімінің бастамасымен атырау халқы қазір жақсы өмір сүріп жатыр.менің де ойым туған өлке экономикасын алдыңғы қатарға шығарып.Жалпы Қазақстан мемлекетін тұғырлы мемлекеттер қатырынан көру.

0 дауыс
Дұрыс айтасыз жер доп тәрізді домалақ емес. Сәл-пәл сопақшаланып кеткен.
0 дауыс
Жер ана дейтинимиз жер
Ол бизди багады
...