0 дауыс
Сәлеметсіздер ме! Менің сұрағыма жауап берсеңіздер, Театрда, қоғамдык жерлерде жастар, адам баласы өзін қалай ұстау керек/тиіс? Сонымен қатар, театрға байланысты бірнеше сауалнама жазсаңыздар деймін. Алдын ала үлкен рахмет. Ізгі ниетпен Әйгерім, Атыраудан.
27.03.2012 900 қаралым

2 жауап

+1 дауыс
Әйгерім мана "Сонымен солай дейік" бағдарламасында осы жайлы,жалпы театр жайлы сөз қозғады.Сонда жастардың әсіресе оқушылардың театрда қойылым болып жатқан кезде ұялы телефонмен сөйлесіп отыра беретіні,спорттық киімдермен келуі,күліп,шулап отыруының мәдениетсіздікке жататыны айтылды
27.03.2012
0 дауыс
Сәлем, Әйгерім! "Театр киімілгіштен басталады" демекші,

- Театрда жүрген кезде өзіңізді мәдениетті ұстауыңыз қажет.
- Қойылым барысында көп сөйлемей, анда-мында шықпай/көп қозғалмаңыз. Актёрге кері әсерін тигізуіңіз мүмкін.
- Сосын ұялы телефоныңызды сөндіруді немесе беззвучный режимге қоюды ұмытпаңыз.
- Трагедия болса, ӨТЕ қатты жыламаңыз;
- Комедия болса, ӨТЕ қатты күлмеңіз; Көрермендерді өзіңіздің назарыңызға аудартып аларсыз...
Әрине, күлуге, жылауға болады...Тек өз орнымен...Шектен тыс емес!
Негізі, театрда (барлық жерде) тәртіпті, тәрбиелі, мәдениетті болып жүру керек. Айтайын дегенім осы:)
28.03.2012
127,963Сұрақ
322,898Жауап
153,169Пікір
73,030Қолданушы