Сәлем, Әйгерім! "Театр киімілгіштен басталады" демекші,
- Театрда жүрген кезде өзіңізді мәдениетті ұстауыңыз қажет.
- Қойылым барысында көп сөйлемей, анда-мында шықпай/көп қозғалмаңыз. Актёрге кері әсерін тигізуіңіз мүмкін.
- Сосын ұялы телефоныңызды сөндіруді немесе беззвучный режимге қоюды ұмытпаңыз.
- Трагедия болса, ӨТЕ қатты жыламаңыз;
- Комедия болса, ӨТЕ қатты күлмеңіз; Көрермендерді өзіңіздің назарыңызға аудартып аларсыз...
Әрине, күлуге, жылауға болады...Тек өз орнымен...Шектен тыс емес!
Негізі, театрда (барлық жерде) тәртіпті, тәрбиелі, мәдениетті болып жүру керек. Айтайын дегенім осы:)