Егер мен есірткі жайлы айтар болсам...
Өмір-адамға табиғатпен берілген ең қымбат дүние.Адамның ұзақ,мәнді де сәнді өмір сүруінің негізі-оның денсаулығы.Денсаулық адамның ең қасиетті де құнды,қайталанбас,жоғалса қайта орнына қиындықпен келетін,орны толмас асыл қазынасы.Қазіргі таңда бүкіл әлемді толғандырып отырған мәселелердің бірі-адамның денсаулығы. Адам өміріне қауіп төндіретін жағдайларға соғыс,ашаршылық,экологиялық жағдай және адам ағзасын улайтын зиянды әрекеттер жатады.Осы жағдайлар ішіндегі адам ағзасын улайтын зиянды әрекеттер деп отырғанымыз:шылымқорлық,ішімдік,нашақорлық,есірткі және тағы басқа.
Жас жеткіншек талшыбық секілді иілгіш, жел қайда соқса сол жаққа қарай бейімделеді.
«Денсаулық-зор байлық», «Дені саудың жаны сау» деп халқымыз бекер айтпаса керек. Өкінішке қарай адамзатпен ХХІ ғасырға аузын арандай ашқан аждаһадай «нашақорлық», «ішімдік», «темекі», «есірткі» бірге аяқ басты. Қаншама бейкүнә адамдар осылардың құрығына түсіп,дүние салып,талай ауруларға ұшырады. Сондықтан да елімізде салауатты дабыл қағып,әртүрлі шаралар ұйымдастырылып жатыр.
Әр адам өз денсаулығын сақтауға және ғұмырын ұзартуға жауапты. Денсаулықтың жақсы деңгейіне жету және жайлы болуына жету-бұл нақты өмірлік ұстаным мен тәртіптен тұратын үзіліссіз үдеріс.Денсаулық- бақытты болудың алғы шарты.Адамдар кездескен шақта әуелі бір-бірінен денсаулығы туралы сұрайды және денінің саулығына тілек білдіреді. Бұл-шын мәнінде адам бақытының бастауы. Ішімдік ішу,есірткі заттарды қолдану,темекі шегу бос уақытын тиімді өткізуге, белсенділік танытуына,дұрыстап тамақтануына және салауатты өмір салтының басқа да жақтарына әсерін тигізеді. Зиянды әдеттер көптеген аурулардың пайда болуына, адам денсаулығына орасан зор зиянкестік әкелетін факторлар болып табылады.Біздің елімізде балалар мен жастар арасында ішімдік ішу,темекі шегу,есірткі заттарды қолданудың өршуі көкейкесті мәселе болып тұр.
Алғаш болып «наркотик» деген анықтаманы сезгiштiктi жоғалтуға алып келетін заттарды сипаттау үшін грек емшісі Гиппократ қолданған. Бұл анықтаманы дәрігер болған Клавдий Гален да қолданған. Наркотикті сипаттау үшін Клавдий Гален көбінесе мандрагор, семена эклаты и мака тамырын немесе эклат тұқымдарын және көкнәрді терең зерттеген.
Грек тілінде «ұйқы» мағынасын білдіретін «narke» сөзі ағылшын тілінде «narkotik» деген сөзге айналып, ұйықтату, жансыздандыру, сезімсіздендіру деген мағынаны береді. Жалпы айтқанда есірткі заттары деп жансыздандыру ерекшелігіне ие болатын заттарды айтамыз. Бірақ дүние жүзінде күнделікті қолданыста стимуляторлар да есірткі ретінде қабылдануда. Өйткені олардың да құрамында мастандыратын, ашуландыратын, тыныштандыратын, сергітетін заттар бар.
Есірткі-бұл адамның көңіл-күйін,сана-сезімін ,мінез-құлқын бұзатын қауіпті,тыйым салынған химиялық зат. Ол адамның есін алып,құмарлық желігіне ұшыратады,нашақор есірткісіз өмір сүре алмайтын бейшара халге жетеді.Есірткінің негізгі түрлеріне апиын, кокаин, көкнәр, марихуана, ғашиш және тағы басқалар жатады. Барлығы да адам ағзасы мен психикасына әсер етіп зақымдайды.
Сана –сезімі уланған адамның мінез-құлқы күрт өзгереді.Бұрын момын,тұйық,өтірік айтпайтын адам өзгеріп,өтірік айтады,төбелесуге дайын тұрады.Нашақордың белгісі-қажетті дозасын қабылдаған күні мұрнынан су аға бастайды.Есірткінің қазір көп тараған түрі- героин,ақ ұнтақ зат.Одан адам санасы тез уланады. Бірінші рет көргенде ләззат алады,сосын ағзасы тез тәуелді болып іздеумен өтеді. Қолданбаса ұйқысы бұзылады,буын-буыны сырқырайды.Сөйтіп бара-бара тек ауырмау үшін іздейді.
Есірткі қолданудың себептері
Білімсіздік: есірткінің қаншалықты қауіпті екендігін білмеу және бұл мәселеге жеңілтектікпен қарау.
Қызығу: қызығушылықтың туындауына көбінесе айналасындағылар мен бұқаралық ақпараттар себеп болады.
Ойын-сауық орындары: дискотека және басқа да ойын сауық орындары «ақ өлім» диірменінің құралдары мен қақпаны болып табылады. Ол жерге кірген адамның диірменнен өту ықтималы өте үлкен болады.
Қысым: жаман достардың қысым жасауы.
Әуестік: бір рет көрейін, сосын тастаймын деп ойлау. Бір рет немесе екі-ақ рет көрудің өзі адамды қайтпас жолға салуға жеткілікті болады.
Мода: айналасындағыларға еліктеу. Қоршаған ортасы бұзық болса, жаман әдеттердің жұғуы оңай. Жастардың қауіп-қатерді жақсы көруі, жыныстық бұзылу, өзін-өзі көрсету, күшін дәлелдеуге тырысу, генетикалық құрылымының есірткіге бейімдігі, иманның әлсіздігі, нашар отбасы және бұзық қоғамнан туған сенімсіздік, болашақ туралы уайымның адамды жалғыздыққа итермелеуі, жоқшылықтың өзін-өзі өлтіруге итермелеуі, байлықтың масаңдатуы, мемендік есірткіге итермелейтін негізгі себептер болып табылады.
Дос өте маңызды. Балалар мен жастар жанұядан, мектептен және достарынан әсер алады. Достарының қатарынан қалмау үшін жастар көбінесе достарының қысымына шыдай алмай есірткі қолданады. Осылайша есірткімен алғашқы байланыс көшедегі белгісіз сатушы арқылы емес, достары арқылы пайда болады.
Есірткі қолданатын адамды мына белгілерден анықтауға болады:
• адамның дәрілерді жасыруға тырысуы;
• терісінде қарайған немесе көгерген ине іздерінің болуы;
• көктамырдың үстінде не айналасында су жиналғандай іріңнің жиналуы;
• солғын ұйқылы-ояу болуы немесе талу, әсіресе денесін қасу байқалса есірткі немесе синтетикалық заттарды көп мөлшерде қабылдағанын көрсетеді;
• есірткіден алыстатылған не қадағаланған кезде бірдеңе жоғалтқандай әрекеттер жасауы;
• көз қарашығының үлкеюі;
• адамның бос жерге қарап отыруы;
• шприц, сабы темірден жасалған қақпақ, отқа ұстап тұруға арналған сабы артқа қайырылған қасық, т.б. есірткі қабылдауға пайдаланылатын құралдардың болуы;
• нашақорлардың жаргон тілін білуі;
• кісінің белгілі бір уақытта (4-5 сағ. сайын) басқа жерге кетіп қалуы (наша қабылдау үшін);
• өзіне қажетті мұқтаждықтан артық көп ақша жұмсай бастауы;
• бұрын сенімді болған адамның қылмыс жасауы, ұрлық жасап, алдап-арбауы, т.б.;
• өте ашушаң болуы. Есірткі қабылдайтын уақыты жақындағанда көздері суланып, мұрны ағып, есінеп қасына бастауы (жалғасы бар).
Қор болып кетпесін
Жас ғұмыр тағдырың.
Денсаулық - өзіңнің
Мәңгілік байлығың.
Салауатты өмір салтын ұстану өз болашағымызды биікке көтерудің басты құралы екендігін мойындап, өздігімізден білім алу арқылы сананы соған бағыттап отыруымыз қажет. Себебі мемлекетіміздің күш-қуатының артып,халқымыздың әл-қуатының жақсаруы үшін оған дені сау, білімді,мәдениетті ұрпақ керек.
Жер бетіндегі ірілі-ұсақты, үлкенді-кішілі қай халықтың болса да болашағы дәл бүгінгі таңдағы жастардың денсаулығына тікелей байланысты, себебі ұрпақ жалғастығы тек дені сау ұрпақтарда ғана болмақ.