+2 дауыс
2.1k көрілді
Шыңғыс ханның Қай жерде жерленгенің ғалымдар әлі болжап жур және бір естігенім суиегі табылса 3дунежузілік соғыс болады дейді,(Әмір Темір 2д/ж соғыс)
тағы қандай деректер білесіңдер??

7 жауап

+2 дауыс
 
Жақсы жауап
Шыңғыс хан жаулап алған жерлердегі қатыгездігі үшін моласын қорлауы мүмкін деген оймен өз денесін ешкімге көрсетпей, белгісіз етіп қоюды талап еткен деседі. Ондай жағдай көшпенділердің тарихында болып тұрған. Әсіресе, хандардың, патшалардың, кісі ақысын жеп, елді зар еңіреткен байлардың молаларын бұзып, қорлаған жағдай ежелгі Моңғол, Қытай шежірелерінде айтылады.

Шыңғыс хан аса құпия жағдайда жерленгендіктен, күні бүгінге дейін оның моласы беймәлім. Осының төңірегінде кейбір деректер мен ел аузында әр түрлі аңыздар бар. Ол аңыздардың мазмұны әр түрлі, көп жағдайда біріне-бірі қайшы.

Көп тараған аңыздардың бірі - Шыңғыс ханның Бұрқан-Қалдұн тауының маңына жерленуі. Өзін жерлейтін жерді көзінің тірісінде өзі таңдап алған екен. Шыңғыс хан бірде аң аулап жүріп, жалғыз өсіп тұрған ағаштың түбінде демалып, жан-жағына мұқият зер сала қарап тұрып: «Осы жерге мені жерлейсіңдер, естеріңе сақтаңдар! Бұл жерге белгі қойылсын!», - дейді жалғыз өсіп тұрған ағашты нұсқап. Рашид-ад-Диннің мәліметі бойынша, ұлы хан өзі көрсеткен жерде жерленген дейді. Жерлеу рәсіміне қатысқан адамдардың барлығын қырып тастаған. Шыңғыс ханның өсиеті орындалды, оның денесінің Бұрқан-Қалдұн тауының қай жерінде екенін бүгінге дейін ешкім білмейді. Хан жерленген соң, ол жерге оқ атса өтпейтін қалың ағашты ну орман пайда болған.

Келесі аңыз бойынша, бір түрік қолбасшысы ханның денесін Моңғолияға жеткізіп, төрт жерден көр қаздырып, төртеуіне төрт табыт салып көмген. Ханның денесі қай табытта екенін ешкім білмеген. Сол жерден үйір-үйір жылқы айдатып, молалар жермен-жексен болып, әбден тапталған кезде, ал енді табыңдар дегенде, ешкім хан сүйегі жатқан жерді таба алмаған. Жерлеуге қатысқандардың барлығы өлтірілген. Кейін Хэнтэй жерінің біраз бөлшегін қасиетті деп жариялап, ол жерді басқан адамды қарғыс атады деп санаған. Бұл да Шыңғыс ханның моласын іздемесін деген мақсатпен таратылған аңыз болуы мүмкін.

Тағы бір аңызда Шыңғыс ханның денесі Онон өзенінің арнасында су астында жатқан көрінеді. Бейіт қазу үшін өзенді басқа арнаға бұрып, жерленгеннен кейін оны қайта өз арнасына жіберген дейді. Тіпті, мынадай да аңыз бар. Қағанның қай жерге жерленгенін білдірмеу үшін денесін бір жыл бойы бальзамдап (моңғолдар ол кезде денені бальзамдауды білмеген), түйенің қомына салып алып, ел аралап жүрген. Ана жерге, мына жерге жерленді деп лақап таратқан.

Марко Полоның жорамалы бойынша, «моңғолдар барлық ұлы басшыларын, қағанның ұрпақтарын үлкен Алтай тауының баурайына жерлеген. Шыңғыс хан қай жерде өлсе де, бәрібір оның денесін сол Алтай тауына әкеліп қоюға тиіс» дейді.

Ғалымдар Шыңғыс ханның денесі үш өңірдің бірінде жерленуі мүмкін екенін айтады. Біріншісі - Ішкі Моңғолия, екіншісі - Чита облысының (Ресей) оңтүстігі, үшіншісі - атақты адамдардың жерленген жері табылған Биндер тауының етегі. Алғашқы екеуіне қарағанда, соңғы болжам шындыққа жақындайды, өйткені, Шыңғыс хан дәл осы өңірде дүниеге келген. Кіндік қаны тамған жерге жерлеу де көптеген халықтардың, әсіресе, түріктердің салтында бар емес пе? Археолог ғалымдар Биндердегі қорымның бір зиратынан табылған қару-жарақтар мен әшекейлі заттар Шыңғыс хандыкі болуы мүмкін деген болжам жасап отыр
Ұсынылып отырған ақпаратыңызға көп-көп рахмет!
Қолданушыларымызға берер пайдасы мол болар!)
+1 дауыс
мен бірінші рет мұндайды естіп тұрмын... 3 дүние жүзілік соғысты АҚШ бастап кетпесе бірінші.. Соғыс болады смотря оның сүйегі қай мемлкеттің шекарасынан табылады... енді сол кезде талас болмаса ))
3д/ж соғыс дегеннің класстасымнан естідім...
+1 дауыс
Негізі оны қазаө жерінде деп естігем,біраө,3 дүниежүзілік соғыс Ресей мен АҚШ арасында болат деп есігенмін!
Ал менін ойымша 3Д/ж соғыс Иран мен АКШтын арасында болатын сиякты....
МмМ естігеніміз естіген күйімізде қалсыншы,ешқайда соғыс болмасын,бейбітшілік болсын!!!но Иран АҚШ-пен қай күшімен соғысады?
иранның АҚШ-қа қарсы шығытындай шамасы жоққой. әр кімнен бір таяқ жеп жүрген мемлекет қой бірісе АҚШ-тан біресе Ресейден т.с.с.
mejdu pro4em iranda alemde jok yadroluk karu oylap tauip otir
Жалпы саясаттан хабарыныз жоқ ау дим
0 дауыс
Ешқандай 3-ші болмайды, егер бола қалған жағдайда қазіргі заманғы қару жарақпен Жер планетасы мүлдем жоқ болып кетеді
Шыңғыс ханның қай жерге қойылғаны әлі табылған жоқ, бұл ғылыми факт, еш жерден іздемей ақ қой
иранда ядролық қару бар, ал шыңғысханның жатұан жеры әле табылмады, жерленген жеры моңголияда шығар
0 дауыс
3 дүниежүзілік соғыс археологтар арасында болатын шығар(rofl) Шыңғысханның алтынына таласып... негізі тарихшылар Шыңғысханның сүйегі Қытайдағы Гоби шөлінде дейді... құм болғандықтан желмен бірге оның денесіде жылжып отырады. сүйегінің табылмауының да сыры сонда дейді... бірақ бұл  тек болжам...
baigys shingisti syegide kalmagan goi
0 дауыс
Таба алмайсындар :D
0 дауыс
Соғыстын қай елдур арасында  болатынын ешкім айталмайды ғой! Ол біреудін ойынан шығарған далбасасы ғой! Біз үшін болмағаны жақсы ғой, азон қабатындағы тесіктер жетеді біз үшін.
...