+4 дауыс
9.4k көрілді
Мен осы уакытка дейн есимимнин магынасын тусинбеймин оте киын есим сиякты

20 жауап

+2 дауыс
менің атымды апам жыршы күйші болсын деген көкейдегі ойымен Дина деп қойған... кей жерде Дина атының мағынасы "СОТ", ал арабшадан аударғанда "алтын тиын, сенім, религия (дін)" дегенді білдіреді екен))
+1 дауыс
маған Асисма деген есімнің мағынасын білмейсіздер ме?
0 дауыс
менің есімім Гүлжанат,,,жанат деген жәннәт деген мағына береді екен соған сай мағынасы Жәннәттің гүлі
+1 дауыс
менің есімімді атамның інісі қойған екен. атмның 4ші атасының есімі ЖАҚСЫЛЫҚ, адал, қатал, балажан болған екен.  осы кісіге ұқсасын деп есімімді ЖАҚСЫЛЫҚ деп қойған екен.
0 дауыс
Aқмарал деееп менің папамның бастығы қойыпты.. Қызы болса қоям деп жүрген аты екеен,мағынасы әдемі,ақылды болсын  деп ырымдаған шығар деп өзім жорамалдаймын..
0 дауыс
Менің есімімді анамның сіңілісі қойған. Ақниет деп. Өзінің сүйікті Ақниет немесе Ақтілек атты екі есімді ұсынып соның алғашқысы таңдалып алынған. Әрине мағынасы әрдайым әркімге ақ ниетін білдіріп жүрсін дегенді білдіреді. Өз атыма өзім ризамын)))
0 дауыс
Менің атымды "Мөлдір" деп әжем қойған. Судай таза, пәк, адал, мөлдірдей болсын деген ниетпен қойыпты:)
дәл сондайсыз))))))
Белгісіз
Хехе)) Рахмет! (blush)
0 дауыс
Менің атымды Айгерім деп мамамның інісі,  яғни нағашым қойды. Абай бір жерге барғанда өлең айтып тұрған қызды көріп, оны ұнатып қалып Әй, керім екен деген екен. Содан соң ол қызды Әйкерім деп атаған. Менің атымды да соған байланыстырып Айгерім деп қойған.
+3 дауыс
Менің атым ЖаССиКо оны жақында өзім қойдым  (:күліп тұрған смайлик:)
0 дауыс
Менің  есімім  Баян  деген,  оны нағашы   әжем  қойыпты, бақыты  баянды босын  деп.  Бертін  келе  өзім  не  мағына  беретінін іөздесем,  Баян  деген  құс  патшасы  дегенді білдіреді екен.
+1 дауыс
Менин есімім Ағила[қағаз жузінде Агила].туған әжем койған еди.Жақында осы сайт аркылы өз атымнын мағынасын біліп алдым....арабшадан аударғанда "ақылды" деген мағынаны береді екен...=)
+1 дауыс
Менің есімімді анам алтын ақшаға байланыстырып қойған. Түрік, араб елдерінде алтын ақшаны "динар" деген екен.
+1 дауыс
Менің есімімді әжем койған МАҚСАТ деп негізі әке-шешем 3 қыздан соң мен дүниеге мен келдім соган орай Ақыры мақсаттарыңа жетіп сіңдер бұл балада осылайша мақсатына жетсін деп койыпты,Мақсат созі арабша досқа адал,дұшпанга қатал деген сөз...
0 дауыс
есімімді Мадияр деп қойған, Данияр деген ағама ұқсатып))))))
+1 дауыс
менің есімім-Әдемі)Әкемнің нағашысы қойыпты,баршаға түсінікті есім деп ойлаймын.Өзіме ұнайды)
...