+6 дауыс
12.6k көрілді
- Қалайсың? Қал-жағдайың қалай? - деп, маған немесе сізге қарсы адам сұрақ қойып тұрғанда, оған қалай жауап беруге болады?

Мысалы, мен, кешіріңіздер, автоматты түрде / Пойдет немеcе жақсы/ деймін.  Ал тағы     да қандай сөз нұсқаулар бар?

16 жауап

+10 дауыс

Жақсы жауап

Менде жақсы өзіңіз деп айтамын Бірақ Бота сіздің пікіріңізге келісе алмаймын себебі қазірге кезде адамдардың 90 % қалайсыз немесе қалайсын дейді гой

Иа, тіпті 90% емес 99%-ы (үлкені де, кішісі де)  "қалайсыз?" дейтін сияқты, бірақ санына емес, "сапасына" қарай қолдану керек-ау деймін...)) Ел "Хал-жағдайың қалай?" деп созып тұрғаннан гөрі, қысқа айта салғанды дұрыс санайды. Бірақ сіз дұрыс қолдансаңыз, сізге қарап тағы бір адам дұрыс қолданатын болады, (ол адамға қарап, тағы біреуі, оған қарап тааағы біреуі...)
Құралай сіздің айтқаныңызға толықтай келісемін!!!
+8 дауыс
Мен "Жақсы, рахмет. Өзіңіз ше?" деп жауап беремін. Бірақ маған "Қалайсыз(-ң)?"  деп амандасу мүлде ұнамайды!!! Одан да "Хал-жағдайың қалай?" десе дұрыстау сияқты. Ал "Қалайсыз?" деп ауырып жатқан адамдардың жағдайын сұрау керек-ау деп ойлаймын... (сонда "Тәуірмін!" деп жауап береді!))))
+9 дауыс
Әр қаланың өзінің әдет ғұрпы бар мысалы:Сарыағашта Аллаға шүкір жақсы!Өзідерің қалайсыңдар?-дейді
+10 дауыс
шүкір жақсы өзің ше деп айтамын. ))))
+9 дауыс

"Жақсы,өзің?" деп қысқа әрі нұсқа айтқан дұрыс сияқты

+9 дауыс

Мен де "жақсы өзің?" деймін. Тіпті, үйреніп кеткендіктен, жақсы болмасам да жақсы дей салатын болыппын.

+11 дауыс

1-Тамаша

2-Әдемі

3-Шүкір

4-жақсы

5-5 қой

6-норма

7 т,б, жауаптар бар.

"5 қой" әдемі)))) бұны атырауша айтқанда "5 қо")))
Белгісіз
+9 дауыс
Мен көбіне жайлап немесе жаймен деп жазамын, ал сөйлесіп ангіме айткым келгенде нашар деймін.....
+12 дауыс

Әр бір адам  біріншіден амандасып, содан кейін хал жағдайын сұрау міндетті. Ал, әр бір сұраққа... кез келген адамның санасына орай оған жауап қайтару дұрыс деп ойлаймын. Қазақ халқының тіл байлығының кеңдігіне мін тағудың еш қажеті жоқ, БЫЛАЙ айтуға болмайды деп. Еліміз төрт түрлі аймақ болып орналасқандықтан (Солтүстік, оңтүстік, шығыс, батыс) , әр қайсысының қоршаған ортасына, қасында орналасқан мемлекеттің әсер етуіне және халықтың этникалық тұрмысына байланысты әр қилы, сан алуан сөздерді қолданады. Қалайсың? Қалай жағдай? Хал жағдайың қалай? деседе оның еш жамандығы жоқ, барлығы да адамның аман есендігін сұрауға бағытталған синоним сөздер. Сондықтан, жауап қайтарар алдында ойланып жауап берген дұрыс. Яғни, барлық адамзаттың өмірі мен оның жағдайы бір Жаратушының қолында болғандықтан.... Аллаға шүкірлер білдіріп, оған мақтаулар айта отырып, ризашылықпен "Шүкір жақсы" , "Әлхамдулилләх жақсы" немесе "Аллаға шүкір (шүкірлер болсын" деп жауап жазғанымыз абзал деп ойлаймын. Сондықтан, әр қайсысымыздың бір бірімізге деген қарым қатынасымыз дұрыс болып, жақсы көзқараста болғанымызды Аллаһ нәсіп етсін дегім келеді.

Ойбой-оу, Жәке, жазған жауабыңызға мен әбден риза болдым!!!
+7 дауыс
"супер" - бұл өте жақсы болған кезде айтамын!

"жаксылаау" деп мазам болмай отырғанда;

"жап-жақсы" деп орташа көңіл-күйде отырғанымда;

"өте жаман" деп қатты ашуланғанда;
+7 дауыс
1. Шүкір
2. Жақсы
+9 дауыс

Мен шалақазақтарға "намральны" (нормально),  "қалайсың?" дегеннің орнына "каксын?" деймін.

+6 дауыс
Мен беретін жауаптар:
- Адам аяғандай!
- Ілініп салынып
- Керім болмағанмен, шүкір
- Ілдаллалап жүріп жатырмыз
- Өзің көргендей, қалт-құлт етіп айта берсем көп қой
+7 дауыс
Ұрып тұрмын немесе Кереметпін деймін.(highfive)8)
Ұрғышың ай,сенің...:D
+6 дауыс
Бетпе-бет келген адамға "калайсың-ға" калайсың деп жауап қатамын . Ал интернет,телефон арқылы "Аллаһқа сансыз шүкіршілік "