Ақиық ақын Мұқғалиды жастардың барлығы да ұнататыны анық. Ол нағыз романтик ақын десек те болатын шығар, ал жастарға керегі махаббат, сөз жоқ Мұқағалидың өлеңдері ерекше. Оның "мен өлеңді өзім шығармаймын, менің құлағыма біреу сыбырлайды" дегенін білетін де шығарсыздар. Осыған қарап ақ ақынның ерекше бір дарын иесі екендігін анықтауға болады. Одан да бөлек Мұхтар Шахановты және жақында ғана қыршынынан қиылған ақын Тұманбай Молдағалиевтің өлеңдерін сүйіп оқимын.