0 дауыс
4.1k көрілді
10 шумақтай болса жақсы болар еді. Мен көктем аруы сайысына мәнерлеп өлең айтатын едім. Соған қандай өлең айтуға кеңес бересіңдер?

4 жауап

0 дауыс
 
Жақсы жауап
Сәлем, Ақнұр! Көктем аруы байқауы Ғой, сондықтан жайында өлеңді байқап көріңізші) Сәттілік!:)

Көктем

Жүрегіме жыр құйып көктен сарнап,

Мынау – менің құстарым жеткен самғап.

Қара жердің қайғысын сейілтеді,

Қанатынан күміс нұр көктем саулап.

 

Соғады әлсіз жібектей жел жұмсарып,

Жұпар еміп жібиді бел бусанып.

Сағыныштың тамшысын көктен үзіп,

Cал-көктемге жылайды жер мұң шағып.

 

Сабағынан сығалап сан мың бүршік,

Тал, терекке қолтаңба қалдырды шық.

Көктем мен жаз, күз бен қыс өрнек салар,

Шыр айналған дүние-ай, тағдырлы ұршық.

 

Күн көзінен күрең бұлт үркіп қашып,

Жер көктемге өлердей ынтық, ғашық.

...Кәрі қыстың кеткісі келмегендей,

Бір аяғын барады сылтып басып.
0 дауыс
Мұқағалидың өлеңдерің оқыңыз
мысалы қандай оқуға болады?үйдегі Мұқалидің барлық кітаптарндағы өлеңді қарап шықтым кайсысы келетінін білмедім
мысалы қандай оқуға болады?үйдегі Мұқалидің барлық кітаптарындағы өлеңді қарап шықтым кайсысы келетінін білмедім.
0 дауыс
Менин оиымша Әйелдер-ай
0 дауыс
ерікпеңдерші қайдағы мектеп аруы басқа шаруаларың жоқ па не?

Ұқсас сұрақтар

...