+1 дауыс
1.6k көрілді
жалпы ара қатынасымыз жаман емес бирак кейде мени катты ренжитеди.жигитимди катты жақсы корем сол себептен кешируге үнеми дайн турам.болмашы нарселерге жынданып маган кол котереди .кетип калуга да болады гой бирак мен кете алмаймын шын суйгенимнен.уйленемиз дейди,катты кызганады .не истесем болады?

13 жауап

+1 дауыс
 
Жақсы жауап
Мынаны оқып көріңізші...Жалпы, жақсы жазылған...
.
.
Сүйгеніңіз тым қызғаншақ болса...
Бүгін қызық болды. Жігіттер болып таңертең жұмысқа мәз болып келдік. Алдымыздан майысып ұжымның қыздары күтіп алды. Шай дайындап қойыпты. Басында аңтарылып қалдық қой. Бұл арулардан мұндай сый-қошемет дегенді көрмеп едік. "Материал, жаз, материал жаз" дегеннен басқа ештеңе білмейтін қыздарға не болғанын түсіне алмадық.

"Бақсақ, бақа екен" демекші, бүгін сәрсенбі екен ғой. Яғни біздің қыздарға базына айтатын күніміз. Содан қыздар былай деді: "Жігіттер, біз бір қиын жағдайға тап болдық. Сүйгендеріміз тым қызғаншақ. Минут сайын телефон шалып, қанымызды ішті. Осыған байланысты бізге кеңес беріңдерші".

Несі бар, атасы арзан жел сөзі аяймыз ба? Ал, айтайық, тыңдаңдар, аяулы арулар.

Құдайларың бастарыңа салып, жандарыңызға тым қызғаншақ жігітті байлап қойса, амал нешік? Көнгеннен басқа не істемекшісіңдер? Көнесіңдер...

Бірақ... Жігіттеріңнің кейде ұстап қалатын қызғаншақтығын тудырмаудың амалы бар... Сол туралы рет-ретімен айтып көрейік.

1. Интернеттен жазылған хаттарды өшіріп жүріңдер. Жігіттерің тым қызғаншақ болса, пошталарыңды тесік-тесігіне дейін тексеретіндігіне күмандарың болмасын. Міндетті түрде шаңын қағып, майын сығып, бөтенмен құрған сұхбаттарыңның үтір-нүктесіне дейін біліп алады. Сондықтан алдын ала сақтық танытып, бөтен жігітпен құрған әңгімелеріңді дер кезінде өшіріп отырыңдар, айналайындар.

2. SMS-теріңді бірден өшіріп отырыңдар. Құдай-ау, қыздар-ай! Кейде бөтен жігітпен танысуға көңілдеріңнің ауатынын білеміз. Ода күмандарың болмасын. Тек солармен алмасқан SMS-теріңді дер кезінде өшіріп отырыңдаршы. Арқасы бар жігіттерің көріп қалса, біттік дей беріңдер. Құрыған жерлерің сол.

3. Есімдерді өзгертіп жазған дұрыс. Біреумен SMS алмасып жүрсеңдер, есімдерін телефондарыңа дәл солай сақтау ойларыңа кіріп шықпасын. Мысалы, есімі Берік болса, Бакуля деп сақтау ерекше ақылдылықты талап етеді деп ойламаймыз.

4. Жігітіңнің көзінше бөтенмен сөйлеспе. Бұл туралы алдыңғы базынамызда да айтып едік. Сүйгеніңіз ерекше қызғаншақ болса, бұл кеңестің маңызы одан сайын арта түспек. Сөйлеспек түгілі, бөтеннің көзіне қарай көрмеңдер.

5. Ұялы телефондарыңды мойындарыңа іліп жүріңдер. Біздің бір ортақ таныс жігітіміз бар еді. Сүйген қызы телефонын көтермегенде: "Соткаңды мойныңа байлап жүр", - деп ұрсып еді. Сол сөзді біз де қайталаймыз.

Ұялыңыздың шырылын естімей қалып, қоңырау жауапсыз қалып қойса, сіздерді іздеп үйлеріңізге полиция қызметкерлері келіп тұрса, таң қалмаңыз. Ең болмағанда, дос қыздарыңыздың мазасы қашып, жұмыс орныңызға да қоңырау шалынары анық.

P.S. Қыздар, айтпақшы... Түйенің жүнінен жасалған жіп мықты болады деп естіп едік. Естеріңізде бола жүрсін...)
2-ші амалың ұнамады. Сондай қыздардан бетін әрі қылсын. Тойып секірмейік қыздар.
"Сақтансаң сақтайды" - дейді, жалпы, таяқтың екі ұшы бар, қыздардың тойып секіруіне кімдер себепші...
Әрине...Әрі қылсын..))
Сонымен тойып секіруіне кімдер себепші, жеп қалмай айтсаңшы.
+2 дауыс
Жалпы сүйген адам кешірімді болады дейді ғой
+5 дауыс
Жігітің өзінің қолындағы бақытын өзі бағаламаса білмедім онда. Қызғанышын, ашуын ақылға көндірсін. [Қызғаныш сезімі туралы бір ауыз әңгіме.][1] Ал қол көтеретініне келетін болсақ. Нағыз ақымақ, албасты екен қыз балаға қол көтеретіні.


  [1]: https://surak.baribar.kz/62671/
+1 дауыс
Сенің жағдайыңа ұқсас мына жерде бар екен https://surak.baribar.kz/107690/ не ғо.. таяқтың екі ұшы бар ғо..сенің түймедей болмашың оған түйедей боп көрінетін шығар
+3 дауыс
Қыз балаға қол көтерген жігіт жігіт емес!
Өте дұрыс айттың!!!!+
+2 дауыс
Шынын да, басындырып алыпсыз...) Қатты жақсы көрсеңіз,кешіре беріңіз де,тайақ жеп жүре беріңіз) Бізге неғыл дейсіз?!)) Кетип қалуга да болады ғо,әрине... бірақ кете алмаймын деп өзіңіз айттып тұрсыз...үйленеміз дейме?Үйленіңіздер...бірақ өлтіріп алмасыншы сізді)Құдай сақтасын! Енді махаббат бар жерде,қызғанышта боладығо) Бақытты болыңыздар басқа біз не айта аламыз?!біздің қолымыздан не келеді?!)Аллам бір өздеріңізге жар болсын!!!
шынымен де сұмдық жағдай екен. Сенің жігітің тұрмақ, менің куйеуім қол көтермейді. Ол дегеніміз басынғандық. Басында қол көтеруге жол бермеуіңіз керек еді. Әлден осындай, кейін.. Түсінемін, екеуің бір-біріңді жақсы көресіңдер, дегенмен қыз бала қашан да өзін бағалай білу керек.
Белгісіз
Дұрыс айтасыз)) +
Бірақ бұны пікір ретінде емес... жауап ретінде жазуыңыз керек еді ғой)
0 дауыс
Қол көтерсе.. онда жiгiтiң оңбаған бiреу ғой. Сен шыдап жүрген екенсiң, ал менiң жiгiтiм дәл солай қол көтерсе  бiр минутқа да шыдап тұрмас едiм,  сүйiп тұрсам да..не деген сұмдык жүрiп жүрген қызына қол көтеру деген. Үйленемiз дейсiң? Үйленсеңдер сенi тіпті өлтiрiп тастайтын шығар. Бiрақ сүйген жүрек бәрiне де төзiмдi деген осы екен ғой. Әйтеуiр аман болшы!
+2 дауыс
Жап-жас өміріңді босқа қор етпесең болғаны. Кейін өкініп қалмайсың ба? Көк ала қойдай боп ел алдына қалай шығасың?! Сүю...кейін отбасы болғанда, алып-ұшпа сезімдер өшіп, жарасымды  сыйластыққа айналар сәтте отбасыңыз сақтала ма? 40-на шыдап, 41-не шыдамайтындар бар. Кейін тағы бір бала толыққанды емес отбасында өсіп жүрмей ме? Ойланыңыз!
+1 дауыс
Жақсы көргендiктен қызғанып ұратын шығар. Ештеңе етпейдi, таяққа үйрене берiңiз). Одан артық жақсы жiгiт табу қиын болар,сондықтан айырылмаңыз. Мүмкiн өзiңiзден де кiнә бар шығар. Ал, мүлдем құрметтемейтiн болса бiлмедiм.... заставить етiп жүрсе оны да бiреуге ұрғызып, тастап кету керек.
+2 дауыс
смаоборонаның курсына жазылсай, сосын сен өзін ұрып жіберетін боласын)
0 дауыс
Сен ол жігітті сүйсенде аледе ойлан.Әзірден қол көтерсе үйленгенсоңда сені ұрады қол көтереді. Сенің   болашағың  өмірің бәрі алда басқадажігіт өзіңді сүйетін бағалайтын кездестіресін. Жүрген қызға қол көтеретін жігітпен бірге болумаңына кеңес берер едім.
0 дауыс
ЖИГИТИН КАЗЫР КОЛ КОТЕРСЕ ЕРТЕН УЙЛЕНГЕНДЕ НЕ ИСТЕИДИ
сооооооода  ағатай сенімен келісем әпкетай сен тек катты жаксы көргеннен шыдап жүрсін ары карай шыдамын жетпей калар!
0 дауыс
*Ол сізді сүйеді бірақ ұрадыма?* Мен сенбеймін... Үйленбей тұрып ұратын болса онда үйленген соң не істемейді! Сіз оның жеке меншігі емессізғой, кеш болмай тұрғанда жақсылап ойланыңыз! Ж\е оның ұратынына қалай шыдап келдіңіз (түсінбеймін), өзіңізден қателік кеткен сияқты соған қарағанда.
...