маған М.Мақатаевтың 30 шакты өлені керек еді

+1 дауыс
1.1k қаралым
маған М.Мақатаевтың 30 шакты өлені керек еді КАЙДАН АЛУГА БОЛАДЫ
Жалпы сұрақ Белгісіз

4 жауап

0 дауыс
Жақсы жауап
мінекей  "http://www.adebiet.kz/"
0 дауыс
www.adebiet.kz сайтына кіріп қара міндетті түрде табасың
0 дауыс
[Мінекейіңіз...Сіз үшін!][1]


  [1]: http://adebiet.kz/index.php?option=com_chronocontact&Itemid=23&authorid=159
+3 дауыс
ҚАЗАҚ ЖЕРІ

Пай! Пай! Пай! Киелі неткен жер!
Батырлар дүрілдеп өткен жер,
Тұлпарлар дүбірлеп төккен тер,
Ғашықтар бір-бірін өпкен жер,
Сарылып сал-сері кеткен жер.
Бас иіп, иіскеп топырағын,
Тағзым жасамай өтпеңдер!

Мына өлке, мына аймақ, бұл маңда
Құлшылық етемін тұрғанға,
Құлшылық етемін құмдарға,
Тағзым жасаймын қырларға!
Шүкірлік етемін қашан да
Осы бір Отанда тұрғанға!

Жазы бар жалынмен жандырған,
Қысы бар аязға қардырған.
Көктемі - балауса, балдырған,
Ал күзі - алып бір ақ қырман,
Ақ дәннен ақ нөсер жаудырған,
Күрең нан жаңа алған тандырдан.
Көлденең көлбеген көкжиек
Қыранның қанатын талдырған.
Белгісіз
127,680 сұрақ
322,223 жауап
153,247 пікір
72,704 қолданушы