Егер сұрақты еліміз деңгейінде қарасақ, бәрі бұрынғының көшірмесі, телевидение 8-марттағы концерттерін қайталап беруде. Көзге көрінбейтін көпірме жетістіктермен мақтану,қала,аудан әкімдері киіз үйлерді аралауда, әр киіз үйдің алдында әкім кіргенше біреу кіріп кетпесін деп қарауылдау сияқты таныс көріністер. Наурыз тек қана әншілер үшін сияқты көрінеді,қалың бұқара мерекелеуші емес үлкен сахананың көрермендері іспеттес.Бәрібір дайындықсыз бұның ешбірі болмас еді,демек дайындық жаман емес.