+1 дауыс
692 көрілді

4 жауап

+3 дауыс
 
Жақсы жауап
Сонымен қатар жаны қиналғанда ғана Алланы еске алады, жаны қиналғанда ғана Асеке-Басеке, Достым, Жақыным дей түседі, жаны қиналғанда ғана  өмір мәнін түсінеді, жаны қиналғанда ғана есін жияды, қанағаттану пайда болады. . . Неге?            _ Себебі, "хуже некуда" ... (қазақ сөзімен алмастыра алмадым...) ....жайың-халің бойынша біттім дей бергеніңде ғана барлық ойың бұрын мүлдем ойыңа келмеген сюрреалистік шындыққа ауады. Сені "қоршаған" уақиғаға  көзқарасың өзгереді....және де жаның қиналғанда - бойыңда Жақсының / Жаманның не екенін ажырату мүмкіндігі туады. Мораль: Сыртқы  факторлар Біздің рухани қасиеттерімізге әсер етеді  _  не десек те, Адам болмысын түсіну қиын...) ___ _ _ _ _ _ [жеткізе алмаған  өз ойым.]
Көп-көп Рахмет)
ойымыз бір,екі,уш екен)
"опщым ештеңе шықпайды.ұят болды, жаптым". )))))))))))))))))))))
Шабытым келіп тұрғанда(((((
+2 дауыс
Қайтесіз, өмірдің заңы ғой...Жақсының қадірін кеш түсінеміз...Жаманның жаман екенін кеш білеміз...
Адам қиналған кезде көп нәрсені түсінеді, көп заттың қадірін біледі...Сол себепті жақсы мен жаманды айырады деп ойлаймын.
Дұрыс шығар сенің ойың. Мен көбіне қателігімді кеш түсінемін(
Сіз ғана емес, көбісі солай...Мен де) Ойланбай, асығыс шешім қабылдап, өкініп жатамыз...Қателігімізді кеш түсінеміз(
+1 дауыс
және көп адамдар қиналған сәтті ғана АЛЛАны есіне алады.
Иа,солай.
Бірақ, сіз олай істемеңіз ия ма? сіз әппақ болып журе беріңіз))))
Рахмет!))) Тырысып жүрмін. Сендей достарым болса қиын болмайды ешнарсе)
+3 дауыс
Қолда бардың қадірін
Қағылғанда білерсің.
Қанатыңның қадірін
Қайрылғанда білерсің.
Ата-ананың қадірін
Балалы болсаң білерсің
Ағайынның қадірін
Жалалы болсаң білерсің
Отыз тістің қадірін
Қақсағанда білерсің.
Екі аяқтың қадірін
Ақсағанда білерсің.
Пырағыңның қадірін
Жаяу қалсаң білерсің.
Уақыттың қадірін
Таяуласа білерсің.
Бәрін айтта бірін айт
Замандастың қадірін
Жас жетіп, жалғыз қалғанда білерсің. - деген екен жасы ұлғайып, барлық замандасының соңында қалып, өткен кеткенді еске алысып, әзілдесіп отыратын қатарларын сағынған бір атамыз. Әй шіркін қу жалған десеңші. Бүгін бары ертең жоқ. Қу жалғанда тойым жоқ.
Барыңды сыйла,
Арыңды сыйла.
Барыңды барында сыйламай
Айырылып қапы қалма.
Керемет сөздер! Жақсы айтылған екен)
...