0 дауыс
2.9k көрілді

2 жауап

0 дауыс
ондай сайыстардың турларын мектепте өткізетін мұғалімдер береді емес пе? Бірақ біздің мектепте үнемі:
1.Таныстыру - өзін қлеңдетіп таныстырып, сәлем береді (халқына,жеріне, әділқазыларға)
2. Сұрақ - жауап - жеребе тастайды таңдап, жауап береді.
3. Өз өнері - қолынан келеін нәрсені істейді (би, ән)
4.
+2 дауыс
"Жігіт сұлтаны".Бұл сайыс.Әрбір сыныптың белсенді  1 немесе 2 оқушысы қатысып басқа да сыныптың оқушыларымен сайысады.Әрине әркім өздері үшін.Содан барлық турдан мүдірмей өткен оқушы "Жігіт сұлтанын" жеңіп алады.Сізге бөлімдерін таныстырып кетейін
I.Таныстыру
ІІ. «Еңбек ердің – санаты, білім елдің қанаты» демекші адам ақыл - парасатымен сұлу, ақылды жігіт ата-анасының жанып тұрған шырағы емес пе?
Қазақта жігіттерді былай деп атаған!
«Көсем жігіт» - ел басқаратын жігіт,
«Шешен жігіт» - дау шешетін жігіт,
«Батыр жігіт» - еліне қамқор жігіт,
«Сері жігіт» - аттың жүйрігін мініп, иттің алғырын ертіп, мың құбылтып ән салып, күмбірлете күй тартатын өнерлі жігіт. Олай болса сері жігіттеріміздің өнерін тамашаласақ.
ІІІ. Ер өнері білінбес,
Қоян қолтық алыспай.
Күш өнері білінбес,
Бәйгеге түсіп жарыспай - дегендей сайысымыздың келесі шарты «Күш атасын танымас» деп аталады. Бұл кезеңде жігіттеріміз 16 кг кір тасын көтереді.
ІҮ.Би болатын жігіттің,
Төбеде болар жұмысы.
Мерген болар жігіттің,
Мергендік болар жұмысы – дегендей ендігі кезекті жігіттеріміздің мергендігін сынау мақсатында «Құралайды көзге атқан» нысана көздеу шартына береміз.
Y.Жігіттің көркі өнері,
Талап – кісі мұраты.
Өнер қалмақ артында,
Дүниенің өшпес шырағы.
Өнердің қадірін білген, бабаларымыздан қалған бұл сөздердің қасиеті бүгінгі күнге дейін жалған емес. Соның айғағы ретінде сайыскерлерімізге берілетін келесі шарт «Шебердің қолы ортақ» деп аталады
ҮI. Ей, жігіттер!
Сендерге биік ата - салтын құрметтеп,
Ақтай білсең ата-баба үмітін,
Әрбір сөзі – тәлімі мол бір мектеп.
Жігіттеріміздің өнерлерін, мергендіктерін тамашаладық. Енді ақыл-ой тереңдігін, ой ұшқырлығын сарапқа салатын да кез келген сияқты. Олай болса келесі шартымыз «Ескірмейтін есті сөз» деп аталады. Бұл шартта жігіттеріміз сұраққа жауап береді.
Міне осындай бөлімдерден тұрады.
...