+7 дауыс
1.1k көрілді

Көктемде туған ой

Көктем келді, қыздар бастады шешініп,

Ал,  жігіттер  қарап  отыр  тесіліп.

Мына  кыздар  ынтықтырды-ау  мені  деп,

Бір  жігіт  тұр  қолда  сыра,  кекіріп.

Осы кезде бір қыз өтті топ жігіттің қасынан,

Қыска юбка, кіндігі ашык, әтір иісі сасыған.

Арам  ой  жоқ  мода  қуып  жүрген  қыз,

Әке – шеше үйретпеген киінуді жасынан.

Жігіттердің бәрі қарап отыр еді бұл кезде,

Арам ойлар, жаман ойлар жылт еткізді әр көзде.

Ұксайды  олар  бір жыл бойы қамап қойып қорага,

Сиыр  көріп  көзі ақшиып,  буырқанған  өгізге.

Ай, жігіттер, дәл осындай қарындас бар өзіңде,

Мына заман арналган ғой сабыр менен төзімге,

Мүмкін, мүмкін қателесіп жүрген шығар қарындас,

Алданбайық шайтан салған арам ой мен сезімге.........

Тура  жолға  түсейікші, бауырлар,

Пайғамбардын тура жолын тауып ал.

Құран, хадис  иманыңды көтерер,

Ораза ұстап, намаз оқып сауап ал. 

Сыра,  зина  қазақтарға  жат  нарсе,

Шошынған ғой  атам  қазақ мас  көрсе.

Зинақорды  таспен  ұрып  өлтірген,

«Абай жолы»  оған  мысал  келтірген.

Исламсыз  мына  заман қараңғы,

Басшы  қылар  парақор  мен  сараңды.

Ал, имансыз  бастық  болған  ағалар,

Жан – жағына  жинайды  екен  наданды.

 

Оян, қазақ, көтер басты жасқанба,

Шайтан  суды, доңыз етін ас қылма.

Кұран  үйрет  балаңызға  ерінбей,

Қазағымның болашағы жастарда.

Алібек89

14 жауап

+6 дауыс

Жақсы ғой, тыңдайтын қазақ болса. Қазақша әріптерді неге қолданбасқа..

+9 дауыс

Жақсы-ақ өлең. Мағынасы тереңде жатыр екен. Және шындықты бұқпаламаған екен. Бірақ, қазақша әріптермен жазғаныңызда құба-құп болар еді. Және авторы кім екен?

Rahmet !!!Avtory men.

smileyОоо, осылай өлең жаза берсеңіз болашақ ақынсыз ғой.

+9 дауыс
Ақиқат жазылыпты
+8 дауыс
Бір белгілі газет сыртына осы өлеңді басып шығару керек деп ойлаймын...
Nege olai oilaisyn?
"Жастар гәзеттерден оқып, үлгі-өнеге алысын" деп ойлаймын
+7 дауыс

Керемет, тамашаyes

+8 дауыс

Керемет екен!!!smiley

+8 дауыс
"Ай, жігіттер, дәл осындай қарындас бар өзіңде",

Жақсы жазылған, рахмет!!!
+9 дауыс
машаллах! Аллах разы болсын сіздей көзі ашық қазақ жігітіне. жарайсыз, ризамын!!!
Амин! Рахмет!!!
+9 дауыс
Алібек,жаксы жазылған,ең бастысы шындық.Тыңдай ма, тыңдамай ма ол жастардың шаруасы,алла бұндай қасиет берген соң айту саған парыз.Сен тұрмақ Абай атаң да кезінде:-"Айтуға сөз таптым,тыңдарға құлақ таппадым"-деп опынған.
+7 дауыс
Өркенің өссін! Жаза бер.
Әлібек, қай жерге жазсаң да, астына авторын, өз аты-жөніңді жазуды ұмытпа. Ұрланып кетуден сақтан.
+10 дауыс
Надан елге бере-тұғын көп үлгің,
Сенікіндей сары уайымға көмілдім.
Өлеңінде өнеге бар бауырым,
Жарақатын жазғандайсың өмірдің.

Көріп жүрміз, кешегіден аз ғұрып,
Жалаң кеуде, жалаң сирақ - жазғы ырық.
Қарындастың кіндігінен кірген дерт
Қазағымды бара жатыр аздырып.

Күмән артып көңілдерге көмескі ой,
Келешектен көрсетеді елес бой...
Араққұмар жігіттер де бар бізде -
Еркек деген атқа ылайық емес қой!

Заман осы:
Өз әкесін соқты ұлы...
Қасқырларға бақтырамыз тоқтыны...
Барлығына кінәліміз өзіміз,
Соның бәрі имандылық жоқтығы...
Баракаллаһ
+5 дауыс
Иманды ұл қыздар көбейсе, арақ-шарап, зина, түнгі клуб деген нәрселер азаяр еді.
+4 дауыс
Қандай Керемет өлең..,Керемет..)(y)
+3 дауыс
Өзің керемет ақын екенсің.Талантың зор екен.Осы ақындық өнеріңді дамытсаң мықты ақын боласың!!!!!
...