+2 дауыс
47.1k көрілді
Оюды айта ма оқа деп?Рахмет айтқанда неге оқасы жоқ дейді екен сонда?

6 жауап

+3 дауыс
 
Жақсы жауап
Сізге біреу рахмет айтты делік. Не деп жауап бересіз? «Оқасы жоқ» деп пе? Пәлі, оныңыз қате жауап сияқты. Дұрысы - «О не дегеніңіз!»

Рас, қазір біреуге  рахмет айтып, ризашылығыңды білдірсең бірдеңені бүлдіріп қойғандай жауап естисің: «Оқасы жоқ». Ой, тәйір-ай, сөз білетін қазақ қашан өзіне ілтипат танытқан адамға  «оқасы жоқ» деп «опыра» тіл қатып еді?.. Оқасы жоқты аяғыңды әлдекім байқамай басып кетсе, әлдебір ісінен жазып кінәлі болып кешірім сұраса айтқаныңыз орынды.  Рахметтің жауабы - «о не дегеніңіз!» немесе «жарайды», «жөн-жөн», «жақсы»,т.б. болса керек-ті.

Кейде қарап отырып қайран қаласың - қазақтың бай, мазмұнды, көркем тілі неге осыншалықты  калька аудармалардың қойыртпағына айналып барады деп. Мысалы, әлгі «оқасы жоғыңыз» орыстың «не за что»-сынан шыққан шата бірдеңе. «Спасибо» десең орыс «не за что» дейді. Оны біздің тілжасағыштар одырайтып «Оқасы жоқ» қылып алған. Осылайша, қазақ тілі өзінің табиғи бітімінен, тазалығынан, дәстүрінен айрылып, түсініксіз хал кешуде.

Ойланып көріңізші. Мінекей:
- Кешіріңіз
- Оқасы жоқ! Немесе, Уақа емес!
................................................
- Рахмет!
- О не дегеніңіз! Немесе, Жөн-жөн, жарайды, Тәңір жарылқасын!

«Абай-ақпарат»
+1 дауыс
Қысқартылған түрі шығар(40 әріптен кем болмасын)
0 дауыс
оқа деген кеудеге тағатын айрықша белгі,оларды сəнгеде таққан.
0 дауыс

оқаның бірнеше мағынасы бар, бұл жерде оқа деген келте, қисық, оқаш деген мағынада айтылған, бірақ, рахмет айтқанға олай айтудың өзі оқа(қате), рахмет десе мархабат деп жауап беріңіз.

0 дауыс
Менің ойымша біреу сізге "Рахмет" деп ризашылығын білдіртін жатса,  ол кісіге "
0 дауыс
Менің ойымша оқасы жоқ дегеннің орнына            ,,ақысы жоқ" деп айту керек сияқты!
...