0 дауыс
99.5k көрілді
"НАУРЫЗ АРУЫ" деген сайыс болайын деп жатыр. Соған тез арада керек

3 жауап

+2 дауыс
 
Жақсы жауап
1 "Бастаңғы" деген дәстүрдің мағынасын түсіндір!"Бастаңғы" жастардың ата-анасы үйде жоқ кезінде өзінің қатарын шақырып, жегізетін тамағы. Үйдің үлкендері жол жүріп кеткенде, ауыл жастары сол үйге жиылып, "жолаушыларды" жолда басы ауырмасын деп, бастаңғы жасататын болған. Ән айтылып, ойын сауық құрған.
 

2 "Байғазы деген қандай дәстүр?«Байғазы» деп балалардың, жастардың жаңа киімі, заты үшін ақшалай, заттай берілетін сыйды айтады.
3 "Шілдехана" деген қандай дәстүр?
Жаңа туған нәрестенің құрметіне жасалатын алғашқы тойды шілдехана тойы деп айтайды.
4 "Тұсаукесер" деген қандай достүр? Сәбиді қаз тұрғаннан кейін тез жүріп кетсін деген тілекпен жасалатын гұрып, ырым. Ол үшін арнайы ала жіп дайындалады. Бұл ала жіп аттамасын деген ұғымнан шыққан. Сол жіппен баланың аяғын кәдімгідей тұсап, оны аяғын жылдам басатын әйелге қидырады. Сүріншек, жайбасар адамдарға кестірмейді.
5 Сыбаға дегеніміз не? Сыбаға (дәстүр). Құрметті қонаққа немесе өздерінің жақын-туыстарына арнап сақтаған кәделі ет мүшелері «Сыбаға» деп аталады.
Енші (салт). «Оған бай қалың беріп, қатын әперді де, кейін енші беріп бөлек шығарады» (С.Мұқанов). Балаларды ержетіп, жеке үй болғанда ата – анасы оған отау тігіп, дүние – мүлікті «жасау» дейді.
Бәсіре (дәстүр). «Жастайынан бағып ем, Бәсіре ғып торы тайым» (Х.Талғаров). Бала туған кезде немесе есі кіріп, оң – солын таныған соң, «сүндет тойына» немесе мектепте барғанда атасы немесе өз әке – шешесі оған тай атайды. Оны «бәсіре» тай дейді. Бала оны ерекше күтімге алады, бағады, үйретеді. Және сол арқылы мал бағуға, еңбекке үйренеді. «Бәсіре» атау баланың көңілін өсіреді, өмірге бейімделеді. Өз қатарына «бәсіре тайым бар» деп мақтанып, өсіп жүреді. Мұның бәрі баланың көңілін өсіріп, ынталандырып тәрбиелеудің бір жолы.
Сыйыт (дәстүр). Ежелгі дәстүрде қайтыс болған адамның тұтынған киімдерін оның сүйегін жууға кірген адамдар мен өзі қатарлас адамдарға үлестіретін салт болған. Егер киімі берілмей үй – іші қараулық жасаса аруақ жалаңаш жүреді деген ұғым бар.

Қара тігу (салт). «...өлік үстіне тіккен ақ үйдің оң жақ белдеуіне өз қолымен әкеп қара тікті. Сүйіндік жас кісі өлсе туы қызыл болатынын, кәрі кісі өлсе ақ болатынын айтып келді де, «Өжейдің орта жасты кісінің туы – бір жағы ақ, бір жағы қызыл болу керек дегенді айтқан» (М.Әуезов). Кісі өлген үйді бір сөзбен қаралы үй деп те айта береді. Қара тігілген үйді көргендер ол үйге соғып дұға жасап өтеді. Мұндай үй кісі күтуге де дайын отырады. Жыл бойы жоқтау айтылады. Бұл халықтық рәсім марқұмның жылы өтіп, асы берілгенге дейін жалғасады. Жыл болған соң «тұл аудару», «қаралы теңді бұзу», «қара жағу» сияқты ырымдар жасалады.
Ой рахмет
Оқасы жоқ. Көңіліңізден шықса болар.
рахмет ұнады
+1 дауыс
Мүшелтой-кейде «мерейтой» деп те атала береді.Мұндай салтанатты кеш мереке,той дәрежесінде мемлекетке,елге айрықша еңбегі сіңген мемлекет,ғылым,өнер,әдебиет қайраткерлерінің туған күніне байланысты өткізіледі.Бұл-әдеттегі туған күн емес,саяси-әлеуметтік,тәрбиелік,мәдени маңызы бар мереке ретінде марапатталып өткізілетін уақиға.
    Тәбәрәк- «тәбәрәк болсын,бізге де бірдеңе бер»     
                            (Бауыржан Момышұлы)
Біреу ойын-тойда,бәйгеде жүлде алса немесе құдалық салт-дәстүрде кәде болса,одан жанындағыларға үлес беруі керек.Мұндайда жұрт одан «тәбәрәк бер» деп сұрап алады.Олжалы адам әдет бойынша тәбәрәк беруге міндетті, бермеуі ұят,сараңдық,дәстүр сыйламағандық деп есептеледі.
    Түс жору- «А,Құдай,осының түсін мен неге жорысам,сен соған қабыл қыл...» (Мәшһүр Жүсіп).Түс көру және оны жору арқылы болашақты болжау және оған сендіре білетін белгілі адамдар,әулиелер болған.
    Наурызнама-наурыз бүкіл шығыс елінің бүкілхалықтық мейрамы,яғни, Ұлыстың ұлы күні.Наурыз бұған дейін мыңдаған жыл бұрын шығыс халықтарында жыл басы мерекесі ретінде тойланып,ерекше күн ретінде аталып өтетін болған.
    Қыдыр ата-бүкіл халықтың қамқоры,оларға жақсылық жасаушы, ырыс,құт,несібе әкелуші,бақыт,береке,өмір сыйлаушы қасиет иесі,кемеңгер , әулие,көріпкел,жарылқаушы қарт.Ол ұлыстың ұлы күнінде елге келіп,әр шаңыраққа соғып бата береді.Міне,сондықтан әр үй Қыдыр атаның жолын күтіп өздерінің жанын да,тәнін де,киер киім,ыдысы мен бұйымдарын да таза ұстауға тырысады.
    Айт-исламның аса зор мерекесі.Екі айт бар.Ол «ораза айты» , «құрбан айты» деп аталады.Айт Арабияда Ислам дініне дейін қалыптасқан.Айт күндері таза киінген адамдар бір-біріне айтқа құтты болсын айтып,құттықтайды, «айттық» сұрайды.Екі айтта мұсылман елдерінде үлкен той дәрежесінде өтеді және ол демалыс күндері болып қалыптасқан.
    Ораза-мұсылманның бес парызының бірі.Мұны ораза ұстау немесе «ауыз бекіту» деп атайды.Оразаның шарты бойынша жасы тоғызға толған қыз,он екіге толған ұлдан бастап ауыз бекіткен адам отыз күн күндіз тамақ ішпейді,әдепсіз сөз сөйлемейді,қиянат етпейді.Таңертең күн шықпастан бұрын сәресі (таңертеңгілік),күн батқан соң ауыз ашады.
    Ауызашар-салтта ауыз бекіткен,яғни ораза ұстаған адамдарға құрмет көрсетіледі,сонымен бірге кешкілік күн батқан соң оларды «ауызашарға» шақыру қасиетті дінімізде де,оған бас июшілерді де құрметтеудің белгісі.
    Намаз-Исламның екінші шарты-намаз оқу.Алла тағалаға шексіз сену- ең биік парыз.Содан соңғы үлкен парыз және маңыздысы намаз оқу.Намаз- имандылық көрінісі.
Сізге де рахмет!
0 дауыс
Салем, наурыз аруында кандай кандай сурактар койылды? Маган комек берсен
...