+1 дауыс
5.5k көрілді
1 жiгiтке ес түссiз ғашықпын сол жiгiтiмнiң жүрегiн елең еткiзетiндей 3-4 өлең керек?

1 жауап

+2 дауыс
 
Жақсы жауап
Сағыныштан жүрегімнен жыр туар,
Қымбат жансың өзім үшін бір туар.
Сағынғанда сарғайып-ақ кетемін,
Сен деп соққан жүрегімді кім ұғар?
Іздеп сені сорлы жүрек жылайды,
Ғашықтықтың емін кімнен сұрайды?
Көрер күнге алаңдаумен сол жүрек,
Бір көруді қалай ғана сұрайды.
Жалғыздықтан кей кездері жалығам,
Тәңіріме жылатпа деп жалынам.
Мен өзіңді шын сүйіппін, амал не,
Айта алмай іштей үнсіз сағынам....
*  *   *   *    *    *    *    *

Неткен жігіт адамды байқамайтын,
Махаббат сезім емес айқайлайтын.
Әттең, қызбын, намысым тілден  биік,
Сүйгеніме "сүйем!" деп айта алмайтын.
Ғашық болдым сол бір жанның жанарына,
Салмақты, ақылы сай ажарына.
Білмеймін сүйеді ме, сүймейді ме,
Мені кез ғып махаббаттың азабына.


*Өлең өзімдік емес*
мынау менің өлеңім ғой?алдында мен жазып қалдырып едім неге сіздің ғана атыңыз шығып тұр??????
а кешірерсіз менікі емес,бірақ мен де жазып едім кеше осы жерге менікі қайда?
http://dosma.blog.nur.kz           Алтынаи  осы саитта   махаббат жырлары дегенге кир  озын оледерды тандаисын  1000000 олены бар саит   онанда коп балким
Белгісіз
Мына алемге керек Ауа, керек Куз.
Аттен, шiркiн, бiз жай гана терекпiз.
Менi бiреу суйсе деймiн жай гана,
Менi бiреу суйсе деймiн себепсiз.
Суйсе деп ем кыныр-кисык калпыммен.
Салыстырмай гаухар, кумiс, алтынмен.
Суп-суык деп ойлайды екен оны да
Тым сезiмтал жубай болар кар кiммен?
Суймесе екен унаган сон кескiнiм,
Жане конiл котерген сон кешкурым.
Суймесе екен калмаган сон ешкiмi
Суймесе екен кажытканда ескi мун.
Кун егерде не болады кулмесе?
Барiмiзде жан калмайда Кун десе.
Тунге гашык адамдарга тан калма
Тундi неге суйетiнiн бiлмесе.
Кетер едiм кус боп ушып дерексiз
Кете алмадым жан секiлдi керексiз.
Мен бiреудi суйсем екен жай гана,
Мен бiреудi суйсем екен себепсiз.
Белгісіз
Жаным десем, жалын шығар жүректен,
Жүрегім бар, сені корсе, дір еткен.
Сенше сәулем, сендікпінғой, мәңгілік,
Жырлап өтем, бір өзіңді ән қылып…
Белгісіз
Сен боларсың өмірдегі Серігім
Сабыр салшы дүрсілдеген жүрегім,
Маған керек болғаны
Сенің ғана аман-есен жүргенің.

Сен боларсың өмірдегі Серігім
Болашаққа демеу болар тірегім
Таза деммен бақыт,қуаныш сыйлаған
Қимай-қимай өтіп жатқан күндерім.

Сен боларсың өмірдегі Серігім
Саған деген тәккапар гой сезімім
Бұл өмірде соңғы демім болғанша
Саған ғана бақыт, саулық тілеймін.
                                         

                                осындаи олендер коп
Белгісіз
Құдайым-ау, бөлек жауап етіп жазшы а? Анаууу тұрған "Жауап беру" батырмасын басып бары жаз.
...