Сағыныштан жүрегімнен жыр туар,
Қымбат жансың өзім үшін бір туар.
Сағынғанда сарғайып-ақ кетемін,
Сен деп соққан жүрегімді кім ұғар?
Іздеп сені сорлы жүрек жылайды,
Ғашықтықтың емін кімнен сұрайды?
Көрер күнге алаңдаумен сол жүрек,
Бір көруді қалай ғана сұрайды.
Жалғыздықтан кей кездері жалығам,
Тәңіріме жылатпа деп жалынам.
Мен өзіңді шын сүйіппін, амал не,
Айта алмай іштей үнсіз сағынам....
* * * * * * * *
Неткен жігіт адамды байқамайтын,
Махаббат сезім емес айқайлайтын.
Әттең, қызбын, намысым тілден биік,
Сүйгеніме "сүйем!" деп айта алмайтын.
Ғашық болдым сол бір жанның жанарына,
Салмақты, ақылы сай ажарына.
Білмеймін сүйеді ме, сүймейді ме,
Мені кез ғып махаббаттың азабына.
*Өлең өзімдік емес*