+1 дауыс
610 көрілді
менің жұлдызнамам "суқұйғыш",ал жігітімнің жұлдызнамасы"арыстан",интернеттен суқұйғыш арыстанға жоламау керек деп жазған,ал пайдалы кеңестер журналында,суқұйғыштар арыстандармен жақсы жұп бола алады деп жазған.мен қайсысына сенерімді білмей қалдым.Өтінем көмек беріңіздерші.

8 жауап

+3 дауыс
Кешіріңіз, бірақ жұлдызнамаларға сенудің қажеті жоқ!
дұрыс айтасың З.М.С
менде солай ойлаймын сенудин кажети жок!жігітіңіз екеуіңіз бір берлерінізді катты  жаксы корсеніңздер-бастысы сол го!
+1 дауыс
Жұлдызнамаға емес өзіңе және жігітіңе сенгенің абзал. Бұл сенің тағдырың, оны қай арнаға бұрсаңда өз қолыңда тек  жігітіңе және өзіңе сен.  Тек сенім ғана сені алға жетелейді.  Сенім жоқ жерде  құрметте жоқ
+2 дауыс
Мен басқа сұраққада дәл осылай жазып едім,егер,жұлдызнамаға сенсеңіз ол рас болады.
+1 дауыс
*Жақсыға жору керек барлық затты, жаман зат ойласаң солай  болуы мүмкін деп еді Тәкең!!!*
+1 дауыс
Алланың жазғаны болады ғой жұлдызнаманың емес тек Аллаға сенініз
0 дауыс
Жұлдызнамаға сенудің қажеті жоқ. Жұлдызнамадағы сәйкес келмейсіңдер деген сөзді естіп, сіз жігітіңізден бас тартпайтын боларсыз. Бас тартпайсыз, сондықтан сізге айтарым жұлдызнамаларды оқудан бас тартыңыз, бұл әлде қайда оңай, сонда кімге сенем деп бас қатырмайсыз.  Ал ертең не боларын тек болашақтың еншісіне қалдырғаныңыз жөн.
0 дауыс
Жұлдызнамаға сенбей-ақ қойғаныңыз жөн. Жігітіңізге және өзіңізге сеніңіз.
0 дауыс
жұлдызнама дегенге мүлдем сенуге болмайды ғой несібелі
...