Іні-қарындастарымды ұрмаймын. Ешқашан да. Біріншіден, олар қорғансыз. Олардың көңілі таза ғой, қанша орынсыз ұрсып/қол көтерсе де, үлкен адамдікін дұрыс деп қабылдайды. Кейін, жасқаншақ болып өсулері мүмкін. Ал, жасқаншақ тұлғадан, жігерлі адамдар шыға бермейді. Өмірде көп нәрсеге жете алмай, қорқақ болып кетулері мүмкін. Бір сотқардың бір айқайынан дірілдеп қалуы мүмкін. Өз мүддесін өзі қорғай алмайтын дәрежеге де жету ықтималдығы жоғары. Бұндай жағдайдың орын алғанын қаламас едім.
Ұрып, соғып ешкім ешкімді түзете алмайды. Тек барлығы керісінше болуы мүмкін. Түзелетін адам, өзі түзеледі. Өзіндегі жақсы жақтарды басқаға да үйрету үшін, ол адамды ұрып/соғып, яки оны басқа біреумен салыстыру мақсат емес. Бұл жерде, әр адамның намысы деген керемет ұғым бар. Әр адамның намысы ескерілмесе, түбі жоқ шелекке су құылып жатқанмен тең. Алла Тағала әр адамға ақылды басына бірден бере салмаса да, ақылды болуға мүмкіндік берген.
Өз ашуын өз ақылымен жеңе алмаған адам, әлсіз адам.