Күнделікті оқылатын дұғалар.
Таңертең ұйқыдан тұрғанда оқылатын дұға
Оқылуы: «Әлхамдулилләһи әлләзи ахяна баъда мә әмәтәнә уә иләиһин-нушур».
Мағынасы: «Өлгеннен кейін қайта тірілткен Аллаһқа мадақ болғай! Өлгеннен кейін қайта тірілуіміз тек Оған ғана тән».
Төсекке жатқанда оқылатын дұға
Оқылуы: «Аллаһуммә бисмикә әмуту уә әхя».
Мағынасы: «Аллаһым! Тек Сенің есіміңмен өлеміз және тірілеміз».
Уайым-қайғыдан құтылу үшін оқылатын дұға
Оқылуы: «Я хайю, я қайюуму. Бирахматика әстағису».
Мағынасы: «Уа, мәңгі тірі тұрушы және әр нәрсені толық меңгеруші Раббым! Сенің мейіріміңе сиынып, сенен жәрдем тілеймін».
Қатты қиналғанда оқылатын дұға
Оқылуы: «Лә иләһә иллә әнтә. Субханәкә, инни кунту миназ-залимин».
Мағынасы: «Сенен басқа Тәңір жоқ. Сені кемшілік атаулыдан пәктеймін. Расында, мен өз-өзіме зұлымдық етушілерден болдым».
Үйден шығарда оқылатын дұға
Оқылуы: «Бисмилләһи, тәуәккәлту ала Аллаһи, уә лә хәулә, уә лә қууата иллә билләһи».
Мағынасы: «Аллаһтың атымен, Аллаһқа тәуекел еттім. Күш-қуат тек Аллаһтан».
Бір нәрсе жоғалтқанда оқылатын дұға
Оқылуы: «Аса Раббунә ән юбдиләнә хайран минһә, инна илә Раббина рағибун».
Мағынасы: «Раббымыз бізге бұдан да жақсысын береді. мүмкін. Расында, біз Раббымызға бет бұрдық».
Ас ішерде оқылатын дұға
Оқылуы: «Аллаһумма бәрик ләнә фимә разақтәнә уа қина азәбәннар, бисмилләһи».
Мағынасы: «Аллаһым! Бізге берген ризық-несібелеріңе береке бер және бізді от азабынан сақтай гөр! Аллаһтың есімімен».
Астан кейін оқылатын дұға
Оқылуы: «Әлхамдулилләһилләзи атамани һәзә, уә разақаниһи мин ғайри хаулин минни уә лә қууатин»
Мағынасы: «Менен ешбір күш-қуат жұмсамай бұл тағамды жегізген және оны маған ризық етіп берген Аллаһқа мадақ болғай».