құрғаған шашты 3-4 күнде бір жуу керек. Маска жасасаң болады. Грэйпфрут, зәйтүн майы, бал. Үшеуін бірдей мөлшерде алып, араластырып басқа жағып қой. Сосын басыңа целлофан пакет не арнайы шапканы киіп алып, сыртынан жылулап орамал орап ал да бір сағат ұста басыңда. Ол кезде үстіңе аямас футболка бірдеме киіп ал, себебі бастағы маска жылудан еріп ақырындап желкеден ағады. кейін шайып шампуньмен шайып жіберсең де болады. Егер оның алдында шашың таза болған болса жәй бір кондиционер жағып шайып жіберсең болады. Себебі зәйтүн майы, қайткенмен де май ғой. Осы масканы жағып алып ұйқтай берсең де болады, басыңды жылы ғып орап алып, бірақ жастық бұлғанып қалмасын байқау керек. Осы әдіспен алғашқы 2 апта бойы күн ара не болмаса 3 күнде бір жасап тұр.Сосын 2-3 аптадан кейін сиретсең болады. Аптасына бір ақ реттен. зәйтүн майы extra virgin oil болсын міндетті түрде
Сосын касторовое масло, медициналық спирт пен лимон шырыннын тең мөлшерде араластырып, оны да шаштың түбіне жағып қойып, бұл да солай басқа целлован орап,сыртынан жылылып орамал орап, мұны да ұзақ ұстаған жақсы. Түні бойы ұстасаң мүлдем керемет. Тіпті түскен шаш та тоқтайды. Тек шайғаны біраз қиындау болады. Бұл масканы да басында жиірек кейін сиретсең болады.
Сосын тағы бір нәрсе басты жуып біткесін кішкене коньякпен шайып жіберсе шаш жылтырайды дейді, мұны өзім қолданып көрмедім.
Ең бастысы ана жоғарыдағы маскаларды жасап отырсаң табиғи жылтыры оралады. шаш сау болып, әдемі көрінетін болады.
Шашың жансызданып кетуі бекер емес, адам денесінде бірдеме жетіспесе ол бірінші шаш пен тырнақтан көрінеді. Мүмкін ең қарапайым себептерден сенде не гемоглобин төмен, не болмаса кальций жетіспеуі мүмкін. Немесе эндокриндік аурудың алғашқы симптомы болуы әбден мүмкін.