Мысалға, жақсы адамдар басқа адамдармен қарым қатынаста болып, оларға бір нәрсені сеніп тапсырады, ал айналып келгенде әлгі сенген адамы көңілін қалдырады. Соңында жақсы адам зардап шегеді. Керісінше бір өсекші, бүлдіргі, жала жапқыш адамдар келесі бір жақсы адаммен қарым қатынаста болса, сол адамның артынан неше түрлі өзіндегі бар мінездерді тізіп, ол енді мені өсектеп жатқан шығар, ол ендігі бәрін бүлдіріп қойған болар, немесе мені жамандап жатқан шығар деген сияқты нәрселерді ойлайды. Мен бұл сұрақты қойған себебім, менің қазіргі айналамда жүрген адамдарды көргесін қойдым. Ал енді сіздер қалай ойлайсыздар?