+2 дауыс
493 көрілді
менің ата анам ажырасып кеткенде мен 5  жаста едім.Әкем басқа әйелмен тұрып жатыр.Анам да 3 жыл бұрын күйеуге шыққан.қазір тіпті 1 жарым жасар сіңлім де бар.Проблема мынада,менің мінезім ауыр....қазір ентға дайындық жүріп жатқан соң ешкім мені мазаламағанын қалаймын.Ал анам болса менсіз үйдің бір шаруасын да келістірмейді..сосын мені шакырған сайын мен ашуланып шығам...соған мама маған қарсы сөйлеуші болма!баяғыда нағашы әжең айтып еді мына қызын адам болмайды деп сол рас екен деп айқайлайды.бұрын соған жылап бөлмемде қамалып отырушы едім қазір етім үйреніп кетті...кет үйден әкене бар деп айқайласа да дым болмағандай жүре берем,бірақ сонда да сөздері өте ауыр тиеді,тіпті сол үшін сабақ оқып отқанда ойым бөлініп кете береді....нестейм енді нестесем болады қалай дұрыс?

8 жауап

+1 дауыс
 
Жақсы жауап
Naurizalina басыңдағы жағдайыңды оқыдым.  Сен дәл қазір "подростковый возраст" басыңнан өткеріп жатырсың. Сенің ойыңша, мамаңның айқан сөздері бәрі дұрыс емес, сен бұл әлемде жалғыз, сені ешкім түсінбейтін секілді..  11 сыныпты бітіру бұл өте маңызды шақ! Сен алдыңа мақсат қойып соған жетуге тырыс..Дәл қазір сенің орныңда болсам мен ЖОО қалаған мамандығым бойынша грантқа түсуге талпынар едім.. Сенің анаңның айтқан сөздері ашу үстінде айтылған сөздер болса керек.. Уақыт өте келе, сен бәрін өзің түсінесің.. бұл жағдайға басқаша қарайтын боласың.
Саған айтар тағы бір кеңесім, егер ҰБТ-ға дайындалуға қиналып жатсаң, тыныш жерде (мектеп кітапханасы, құрбы досыңның үйінде немесе табиғатта(тыныш парктерде,аулаларда) дайындал...  ;) Сәттілік!
рахмет сізбен келісемін!
+1 дауыс
Cіз мұңаймаңыз! Өмірде не болмайды?! Оң жағынан бермесе басқа жағынан бақытты боласыз. Сіздің қадіріңізді білетіндей бір нәрсе істеңіз
+3 дауыс
Сізге не айтайын,иншалла бәрі жақсылықпен болар,өмірде не болмайды дейсің,тек ЕНТ-ға баса назар аударыңыз,ғажайып бір әлемде жақсы көңіл-күйде жүргендей күн кешіңіз!
+1 дауыс
Қателеспесем, сіздің қазіргі мақсатыңыз - ЕНТ-ны ойдағыдай тапсырып, қалаған ЖОО-на түсу. Сондықтан, үй-ішіндегі жағдайға аса мән бермеңіз. Сабағыңызды оқып, ҰБТ-ға дайындалыңыз. Бәрі жақсы болады, иншАллах!
+1 дауыс
Үндемеген үйдей бәледен құтылады,сол дұрыс.:)
+2 дауыс
Қарындасым, екі ересек адамның қателіктерінен зардап шегіп отырғаныңды оқып, үндемей қалғанды дұрыс емес санадым. Әке шешең жынды болса, байлап бақ деген бар қазақта. Анаңның айтқанын көңіліңе алма,  түптің түбінде ол саған тек жақсылық ойлайды. Айқайла берсе, ол қалыптылыққа айналып кететіні анық, бірақ өзіңді оған тәрбиелемеуге тырыс, себебі қатыгез болып кету қаупі бар. Қыз жат жұрттық деп жатады. Көрерсің, мұның бәрі артта қалады. Сенің алдыңда үлкен өмір тұр, өткен жолыңа қарап сабақ алып, ата анаңның жіберген қателерін қайталамайтын берік жанұя да құрасың... Сенде бәрі алда, сондықтан мойымай,  мақсатыңа қарай жылжи бер... ҰБТ - өмірлік емтихан емес,  қақталған түсініспеушіліктен өзіңнің қалыпты ортаңды тауып ал, бәрін БЕСКЕ тапсырып, сол қуанышыңды анаңды құшақтап тұрып бөлісе алмасаң, оның пайдасы не???? Жаныңдағы бар адамдар уақыттың өтуімен жүйкесі жұқарған болуы мүмкін, түсінбеген кездерді де түсінуге тырыс. Бәрі сенде өте жақсы болады.  Бақытты да боласың сен, Таңдаулы да боласың сен. Өзіңді өзің күтіп, аман жүруіңе тілектеспін.

ПС: Менің мінезім ауыр дегенді егер сен айтпасаң, тыстағылар көтеріп көрсе де білмес еді. Ол сөзді ұмыт!
рахмет сіздің жауабыңыз маған ұнады,минезим ауыр деген созди осы жерге комдим)))
+1 дауыс
Мен сізді түсіндім.... Сіздің мінезіңіз ауыр емес. Сіз анаңызға ренжулісіз. Сізге де көңіл керек. Маған да өз назарын бөлсе ғой деп, адам не үшін айхайлап жатқанын да сезбейді. Бұл сіздің жүрегіңіздің түбінде, сондықтан да сіз шын мәнәінде сізге не болып жүргенін түсінбеудесіз.
Бұл негізі өте қауіпті , өзіңіз үшін. Қазіргі сіздің анаңыздың айтқан сөздеріне деген ренішіңізді өшірмесеңіз. Ол өмір бойы қалуы мүмкін. Бұл өзіңіз үшін жаман. Барлығын жіберіңіз. Қазір жазып айтқан маған қиынға соғып тұр. Сіздің, жүрегіңіздегі ауырлықты мен жақсы сезіп тұрмын. Енді, анаңызға сөз қайтармай қойыңызшы, ішіңізден басқа жақсы нәрселер ойлаңыз. Анаңызбен әңгімелсіп отырған уақыттарда, міндетті түрде сен адам болмайсың деген сөзіңіз маған өте ауыр деп айтыңыз. Өз анаңнан ондай сөз естіген ауыр тиеді екен деп айтып, жеткізіңіз. Олай істемесеңіз болашақта ол сөздер сіздің өзіңізге сенімділігіңізді жоғалтады!
+1 дауыс
Осындай мәселелермен көп ұшырасам мына сөз қатты ойландрып тастады баяғыда нағашы әжең айтып еді мына қызын адам болмайды деп  саған нақты көмек жасыңа байланысты берілу керек.
нагашы ажем "бирде туйе бирде буйе"дейди ма))сондай адам.негизи ол жаксы киси менин анам да бари да жаксы, барлыгы да писсимист адамдар.реальный нарселеди жокка шыгарады.сол жери унамайды.ал мен акем жагына тартып кеткесин мени тусине бермейди де осындай кикилжиндер жии туып жатады.подростковый комек жагына келер болсам,мен озимним каламдагы специалисттерге сенбеймин.сеним телефондарына да.тек кейде изредка подружкама барып жылап алам барин актарып.солай женилдеймин...мен реништерди тез умытам,бирак "кагылган шегени жулып тастасан орын калмай ма"сол сиякты журегимде тыртыктар коп....
...