Қарындасым, екі ересек адамның қателіктерінен зардап шегіп отырғаныңды оқып, үндемей қалғанды дұрыс емес санадым. Әке шешең жынды болса, байлап бақ деген бар қазақта. Анаңның айтқанын көңіліңе алма, түптің түбінде ол саған тек жақсылық ойлайды. Айқайла берсе, ол қалыптылыққа айналып кететіні анық, бірақ өзіңді оған тәрбиелемеуге тырыс, себебі қатыгез болып кету қаупі бар. Қыз жат жұрттық деп жатады. Көрерсің, мұның бәрі артта қалады. Сенің алдыңда үлкен өмір тұр, өткен жолыңа қарап сабақ алып, ата анаңның жіберген қателерін қайталамайтын берік жанұя да құрасың... Сенде бәрі алда, сондықтан мойымай, мақсатыңа қарай жылжи бер... ҰБТ - өмірлік емтихан емес, қақталған түсініспеушіліктен өзіңнің қалыпты ортаңды тауып ал, бәрін БЕСКЕ тапсырып, сол қуанышыңды анаңды құшақтап тұрып бөлісе алмасаң, оның пайдасы не???? Жаныңдағы бар адамдар уақыттың өтуімен жүйкесі жұқарған болуы мүмкін, түсінбеген кездерді де түсінуге тырыс. Бәрі сенде өте жақсы болады. Бақытты да боласың сен, Таңдаулы да боласың сен. Өзіңді өзің күтіп, аман жүруіңе тілектеспін.
ПС: Менің мінезім ауыр дегенді егер сен айтпасаң, тыстағылар көтеріп көрсе де білмес еді. Ол сөзді ұмыт!