+2 дауыс
2.6k көрілді
Достар менің артық салмағым мен арықтағым келген сайын артып бара жатыр,қандай кеңес бересіздер?Жақында киімдерімнің барлығы сыймай қалатын шығар.Бассейнгеде барып жүрм,аптасына 2 сағат спортзалдамын..

6 жауап

+3 дауыс
Арықтаудың амалы

Бірінші тәсіл:

«1. Арықтау үшін, тамақ жемей, күні бойы аш жүру – ақымақтық. Тамақтанудан бас тарту арқылы асқазаныңның қызметін бұзып алатыныңды ұмытпа.

2. Спортпен айналысып, дұрыс тамақтануға дағдылан. Қимыл, әрекетсіз диета ұстаудың нәтижесі шамалы болмақ.

3. Артық салмағыңнан арылғың келсе, спортпен айналыс.

4. Егерде диетаның екінші, үшінші аптасында өзің ойлағандай көрсеткішке қол жеткізбе-сең, онда қам жеме. Өйткені диетаның бірінші аптасында адам ағзасы май мен сұйықты мөлшерден көп жоғалтады. Сол себепті алғашқы аптада едәуір салмақ тастайсың.

5. Қол жеткізген көрсеткішті сақта, одан артық салмақ қосудан абай бол.

6. Аптасына екі рет таразыға өлшенгенің абзал. 12 кг салмақ қоссаң да одан арылуға тырыс.

7. Аздан, жиі тамақтан. Күнделікті тамақтану мәзірін қадағала.

8. Қонаққа бара қалсаң, диеталық дастарқандағы аспен ғана тамақтанғаның жөн. Мәселен, жеміс-жидек, майсыз ет, салат жапырақтары.

9. Айналаңдағыларға диетада екеніңді айтудың қажеті жоқ.

10. Қонақта мерекелік торттан бас тарта алмауың мүмкін. Ондайда көз алдыңа әдемі көйлектеріңнің тар болып қалғанын елестет.

11. Суды, жалпы сұйықты көбірек іш.

12. Тамақты шағын тарелкеға салып же».


Екінші тәсіл:

«1. Қанттың, ұннан даярланған тағамдардың және майдың мөлшерін барынша азайтыңыз.

2. Негізгі тағамыңыз ет, жеміс-жидек, көкөніс болуы тиіс.

3. Күніне бес рет тамақтаныңыз: таңертеңгі, одан соң екінші таңертеңгі ас, түскі, түстен кейінгі және кешкі ас.

4. Тамақты асықпай ішіңіз. Алдыңыздағы асты баяу және сүйсініп жеңіз, сонда тез тойып қаласыз.

5. Күнделікті тағамыңыздың негізгі бөлігін таңертеңгі және түскі ас кезінде қабылдаңыз. Кешкі асқа жеңіл тағам жеген жөн.

6. Қозғалуды да естен шығармаңыз. Егер жұмысыңызда негізінен отыратын болсаңыз, жұмысқа келерде немесе қай-тарда шамалы болса да жаяу жүріңіз.

7. Егер жоғарыда аталған кеңестердің бәрін орындаған-мен салмағыңыз түспесе, салмақты біртіндеп түсіретін қан-дай да бір емдәм ұстаныңыз.

8. Егер салмақты тез түсір-гіңіз келсе, қандай емдәмнің қолайлы екендігін дәрігерден сұрап, біліңіз.

9. Егер қол жеткен салмағы-ңызды тұрақты сақтағыңыз келсе, дұрыс күн тәртібін үне-мі сақтаңыз. Олай болмаған жағдайда, қайта толып кетуіңіз әбден мүмкін».
+1 дауыс
шайдың орнына лимон қосылған шаймен алмастыр,сосын тәтті мен нан жемеуге тырыс!мен солай 1 аптада 2 кг тастадым!бұл жақсы нәтиже деп ойлаймын!
+1 дауыс
ең қарапайым әдіс кешкі сағат 6дан кейін тамақ ішпесеңіз болғаны, танертен сабаққа не жұмысқа барарда міндетті түрде тойып тамак ішіп алыңыз ол энергия сізге күнімен жетеді, сондықтан кешке тамақ ішпей-ақ қоюыңызғп болады. менің білуімше май адам денесіне түнде, яғни ұйқы кезінде қалыптасады. және де күніне біраз уақыт жаяу жүргеніңіз абзал
0 дауыс
мен қазір бір диетаны тәжірбиеден өткізіп жүрмін.Таңертең тұрып 1тілім қара нан мен 1стакан айран ішіп сабаққа кетемін.Сосын сабақ уақытында тіпті асханға бармаймын.Қоңырауды келесі сабаққа дайындалып отырамын.Сосын түстікке 1стакан айран мен 1алма жеймін де уйдің едендерін жуып шығамын.Сосын спорттық киімдерімді киіп, кітаптарымды құшақтап қосымашаларыма қаланың ана шетінен мына шетіне дейін жаяу жүріп, барамын, ешқандай көлікке отырмаймын.Сосын уйге келіп кешкі асқа суға қайнатылған күріш пен айран ішемін.Ұйықтар алдында 1алма жеймін.Және арықтағыңыз келсе міндетті түрде: Консерві тағамдардан, газды сусындардан,майонез,кетчуп қосылған тағамдардан бас тартыңыз.Тағы айтамын міндетті түрде.Және күнінен 2литрден көп су ішіңіз.Айтпақшы мен қарным ашып нан, немесе тәтті жегім келсе: өз-өзімді тежеп,2стакан су ішемін.
[Бұрын осы жерге жазыппын...][1]


  [1]: https://surak.baribar.kz/78509/#a78723
..:::жұмбақ қыз:::. сеніңде жасамайтының жоқ екен семіретін адам қара суға да семіреді ал қара нан нағыз семіртуге арналған астың атасы қарапайым арықтау үшін майлы тамақтардан, етті тағамдардан бас тарту керек.
Қара наннын семірмейді, рас айтамын....
мұндай диетаға екінің бірі шыдай бермейді, және де тым ұзақ жаяу жүреді екенсіз аш қарында бұның арты жаман болуы да мүмкін, денсаулығыңызға зияны тимесе болғаны да
0 дауыс
Ақмарал...Бойың мен салмағыңды айтып жіберші? егер сай болса арықтамасаңда болады..Кезінде мен тым әсірелеп жіберіп асқазаныма жара тусіріп алғанмын...Қазір...көп диета ұстамаймын! өз-өзіме ұнаса болғаныда)
Иә, өз-өзіңді олай қинаудың қажеті жоқ. Мен бір тамаша "диета" айтайын. Бұл "диетаны" кез келген адам, әсіресе босанып, толысып келкен қыз-келіншектерге де өте пайдалы.
Ол диета "тоғыз алма" деп аталады. Бір жақсысы бұл диета сіздің тамақтан бастаруыңызды талап етпейді, жалғыз-ақ күніне 9 алма жесеңіз жеткілікті. Алма витаминге бай және ағаз тарартудың бірден бір кепілі. Тоғыз алма, яғни шамамен 1 кг алманы күнде және қай уақытта жеймін десеңіз де еркіңіз бастысы 1 күнде 9 алма жеу керексіз. Сондай-ақ, тамақты еркіңізше жей берсеңіз болады, өз өзіңізді зорықтырып, жаяу жүрудің де қажеті шамалы. Басты міндет, алма шетелдің күкірттелген өнімі емес, отандық және аса тәтті емес, көк түсті алма болса...
Аз уақыт өтпей-ақ нәтижесін көресіз. Бұл "диета" денеңіздегі артық май мен шлактарды шығарып, сондай-ақ аяқ-қол, саусақтарыңызды сүйріктей етеді, зиянсыз. Сәттілік!
Жұмбақ қыз білем ғой бой 160болса,салмақта сәйкесінше 60 болу керек екенін..)Көркем апай рахмет,алманы жақсы көретін едім байқап көрмесембе..:P)
Белгісіз
0 дауыс
Тан ішсеңіз салмақ азайтуға көмектеседі !
...