+5 дауыс
494 көрілді
Құмартады қызығып, қызға бәрi,
Ақын бiткен қызға арнап жыр жазады.
Ғашық бола бiлмейтiн кей жiгiттер,
Өмiрдiң қызығынан құр қалады.
Сырға толы нелiктен қыз жанары?
Жiгiттер неге қызды қызғанады?
Қасиет па, сиқыр ма осы қыздар,
Неге ерекше көктемде нұрланады?
Неге нәзiк болады қыздың үнi?
Неге сұлу болады қыздың жүзi?
Жiгiттердi елiтiп, елiткiзiп,
Неге ғашық қылады қыз қылығы?
Нелiктен ұлы дейдi ұлдың жолы?
Жiгiңiшке неге болды қыздың жолы?
Неге, неге тағдырдың тәлкегiне,
Ұшырайды үнемi қыз ғұмыры?
Бағалап бiлемiз бе қыз қадiрiн?
Қызға неге саламыз мұң қалыбын?
Сүйемiн деймiздағы шын берiле,
Ренжiтiп жатамыз қызды неге?

6 жауап

+1 дауыс
қойып отырғаның  сұрақпа алде олеңбе???
Өлең сұрақ қой, көрмей тұрсың ба?))
Белгісіз
+2 дауыс
Неге деген сұрақ ауа райыма жақпайтын еді өте қиын сұрақ.
Бәрінде жаратқан бір Аллах сұлуға жанды телміртіп сүйсінсін деген шығар, жүрекпен сүйіп махаббат отына күйсін деген шығар, армандап күнде де түнде де жүрсін деген шығар, аялап ұстар аяулы жары болсын деген шығар, жарының сүйеуі тірегі болсын деген шығар, көзінің қарашығындай сақтап өсіретін ардақты ана болсын деген шығар, жыласа жазымыш жазым өмірдің заңы солай шығар.
Бақытсыз ба екен?
Бақыттың құсы қонбаған.
Табытқа көкем,
Бақытпен бірге ешкім бармған.
+1 дауыс
Йа бұл Адам баласы қатты ғашық болса рн жетіп алады!
+1 дауыс
Бұл өлеңді өзіңіз жаздыңыз ба? Өте керемт екен. Ойландыратын өлең!!(y)
Рахмет! Ия өзiм.
Белгісіз
+2 дауыс
Үңілсем осы сұрақтың тереңіне,
Менде ғашық болған кездерімде,
Қатты, қатты сөздер айтып,
Ренжіткенім әлі есімде - деп өмірімде тек қана бір қызды ренжіткенмін. Маған ол бір сабақ болды. Түсіндім ол үшін қайғырудың қажеті жоқ екенін. Сосын ойландым мына заманда, әсіресе астамшыл қыздарды шын беріле сүюдің қажеті жоқ, осыны ұйғардым. Ол үшін жан азабын тартып, қайғының әнін салып, мұңайып, түңіліп, махаббат жалынына күйіп, жоқ ондай керек емес. Шын беріліп сүю дегеніміз екі жақта келісім шартқа отырып, нағыз махаббат қаласын құрып сүю. Міне нағыз махаббат. Баяғы замандай емес сенің хәліңді түсінетін, қыздар жиіркенішті болып барады. Сөйтіп бәрінен алыстап, дертімнен айықтым.
Махаббат наласын арқалаудан шаршадым,
Болды бітті бәрінен алыстадым,
Бұйырған кетпейді, қуған жетпейді,
Сөйтіп жарқын болашаққа бағытты таңдадым.
Бірақ мүмкіндік келіп жатса, лебізбен жеткізіп жатса, танысып жүрегімдегі жарам емделер. Ал оған дейін махаббатты есігімнен шығарып тастадым.
+1 дауыс
Оның екі түрлі жауабы бар. Бірінші нұсқа: Жігіт ол қызды шын жақсы көрмеді. Осы менің жігітттерден түсінбейтіндігім сол. Қызға сүйем-күйем деп алып, артынан сол сүйген-күйгендіктерін ұмыт қылып жатады. Яғни, сезімнің жалған екендігін әрине ескерту мүмкін емес жағдай, сонда да қыздың нәзік жүректі екендігін біле тұра, соны аяусыз жазалайды. Бұл үлкен қателік. Ал екінші нұсқа: Қыз бен жігіт бірін-бірі шын жақсы көре тұра, жігіт қызды қызғануы мүмкін. Мұндай жағдайда қапаланудың қажеті жоқ. Ол өте қуантарлық жайт. Әйелін қызғанбайтын еркектің жұмаққа кірмейтіндігі барлығыңызға мәлім болса керек.
...