Үңілсем осы сұрақтың тереңіне,
Менде ғашық болған кездерімде,
Қатты, қатты сөздер айтып,
Ренжіткенім әлі есімде - деп өмірімде тек қана бір қызды ренжіткенмін. Маған ол бір сабақ болды. Түсіндім ол үшін қайғырудың қажеті жоқ екенін. Сосын ойландым мына заманда, әсіресе астамшыл қыздарды шын беріле сүюдің қажеті жоқ, осыны ұйғардым. Ол үшін жан азабын тартып, қайғының әнін салып, мұңайып, түңіліп, махаббат жалынына күйіп, жоқ ондай керек емес. Шын беріліп сүю дегеніміз екі жақта келісім шартқа отырып, нағыз махаббат қаласын құрып сүю. Міне нағыз махаббат. Баяғы замандай емес сенің хәліңді түсінетін, қыздар жиіркенішті болып барады. Сөйтіп бәрінен алыстап, дертімнен айықтым.
Махаббат наласын арқалаудан шаршадым,
Болды бітті бәрінен алыстадым,
Бұйырған кетпейді, қуған жетпейді,
Сөйтіп жарқын болашаққа бағытты таңдадым.
Бірақ мүмкіндік келіп жатса, лебізбен жеткізіп жатса, танысып жүрегімдегі жарам емделер. Ал оған дейін махаббатты есігімнен шығарып тастадым.