+2 дауыс
11.8k көрілді

Тырнақтарым өте жұқа, әлсіз, тез сынады. Қатайту үшін йод жағу керек дейді білгішбектер. Сенбі-жексенбі күндері үнемі жақсылап йодпен бояп қоямын, бірақ одан ешқандай да көмек жоқ сияқты, сынбақ түгіл, тырнағымның қабаты аршылып, қабыршықтанып жатыр. Тырнақты қатайту үшін не істеуге болады? Сіздің айтарыңыз бар ма? 

4 жауап

+1 дауыс
 
Жақсы жауап
Адамның жаратылысы әртүрлі ғой. Мәселен, кейбіреулер сау сақтарын жылы суға (құрамында хош иістің неше түрі бар) салып, массаждап, тырнақтың жанжағындағы етті еппен алып жатқанда маужырап, рахат сезімге бөленеді. Жүйке аз болса да тынышталады. Міне, ондай сәтте көз жұмулы... сәл де болса ұйықтап кететіндер де болады. Жүйкенің кейбір нүктелері саусақ ұшында, тырнақ ішінде болады.

Тырнақ адам ағзасының қай жері ауыратынынан хабар береді. Мамандардың айтуынша «тырнақтың ұшы екіге бөлініп, сына бер се ағзаға қалий жетіс пейді» дейді. Қыз келіншектердің мінездерінің әртүрлілігі секілді, тыр нақ құрылымы да түрліше боп келеді.

Кальцийдің жетіспейтіндігінің орнын толықтыру үшін жұмыртқаның қабығын жейді. Ол үшін жұмыртқаның жылы сумен сабындап жуады, құрғатады. Со сын жұмыртқаны жарып, ішіндегі сұйықтықтан және жұмсақ қабы ғынан арылтады, қатты қабығын тақтайға қойып ұнтақтайды. Ұн ақты екіге бөліп, бір бөлігін таңертеңгі та мақтан соң сумен не месе сусынмен ішеді.

Яғни, бір жұмыртқаның қабығы екі рет қабылдауға жетеді.
Тырнақтың өзіненөзі сынатыны немесе қабаттанып өсетіні болады. Бұндай жағдай көктем, жаз айларында жиі байқалады. Оның негізгі себебі – витаминнің жетіспеушілігі. Сондықтан, күнделікті тағам рационына көкөніс пен жемісті көбірек енгізу қажет. Апта сайын қолыңыз ды тұз немесе йод пен ас содасы қосылған жылы суға 1015 минуттай малып отырыңыз. Мұқият сүртіп, кептірген соң, крем немесе тазартылған өсімдік майын жағыңыз. Осы ны бірнеше рет қайталасаңыз, қолыңыздың терісі жұмсарып, тырнағыңыз сынбайтын болады.

Мәлімет http://info-tses.kz сайтынан алынды.
0 дауыс
ондОндайлар болып тұрады! Тырнақта қатайту үшін тырнақты боямау керек және тырнақты өсірмеу керек. Оны аллергия деп атайды немесе тырнақ ауруы болуы екіталай! Ол үшін тырнағынызды күнде күтіп жүрініз. Менде сондай болған!

Жауаптарыңызға көп-көп рахмееет! yes

Тырнақты боямау керек дейсіз.Алайда, менің өз тырнақтарым сондай, еті көтеріліп кете береді, тым әлсіз сынып кете береді. Менің әпкем сұлулық салонында жұмыс жасайды.Маған тырнақтарыңды ылғи түссіз лакпен бояп жүр деген болатын.Менің тырнағым сол лакпен бояғаннан бері қатайып қалды.Тырнаққа да ерекше күтім қажет екен.Және де  лимонды сығып соның шырынымен тырнақты сүртседе еттері көтерілуін қояды.Немесе лимонға тырнақтарыңызды басып қатты қысыңыз.
Белгісіз
+1 дауыс
Қ_ұ_р_а_л_а_й, меніңде басымнан сондайлар өткен. Қазір құтылдым! Мендегі ұсыныстар: кейде қолмен киімдерді жуған кезде тырнақ қатты әлсізденеді,майысқақ келеді. Сол кезде тырнақты тұз суға салып 30минут отыру керек. Сосын тағы, үнемі тырнаққа лак жағып жүрсең, тырнақтың беткі қабаты аршылып, қабыршықтанып кетпейді. Лак тырнақтың бетін жауып тұрғандықтан аршылып, қабыршықтануына жол бермейді. Қолға және тырнаққа арналған кремдерді үнемі қолдану керек.
рахмееет!!!
Мен Сағираның айтқандарымен қосылам. Және кейде суға 1- 2 йод тамшысын тамызып тырнақты сол суға батырып отырған да нығайта түседі.
0 дауыс
түнге таман Йод жағып жат сонда тырнағын қатайып сынбаитын болады

Ұқсас сұрақтар

...