тұмарша,деген не?
менде видео болмаса да,былай сөзбен айтып көрейін,
1-вариант.кұрақ құраған жағың беткі жағы болсын, ал астарын өлшеп,теріс айналдырып тігіп шығасың да оң қаратасың. Ішіне кететін мақтаның сыртынан марлемен тігіп шығасың. Сосын істеген құрақ көрпеңе кигізе қоясың. құрақ көрпең кір боп қалғанда, төсектің тысын алғандай,алып жуып қоясың. Ал манағы марлең мақтаң шашылмас үшін таптырмайтын нәрсе.
2-вариант. мақтаның сыртынан марле салмай, құрақ тысыңа мақтаны кигізіп, мақтаң жылжып кетпейтіндей ауыр бір затпен( менің ажем ескі үтікті пайдаланады) басып отырып, астарлап тігіп шығасың. Астарлайтын жіптің көрінер көрінбес коңырлау түстерін алған жөн. Айтпесе тігісің көрініп,құрақтың мәні кетіп қалады.