0 дауыс
2.3k көрілді
Су тасу апаты туралы реферат керек.Кем дегенде 2-4 беттік.(o)

1 жауап

0 дауыс

Гидрологиялық апаттардың түрлері

   Қауіпті гидрологиялық апаттардың туындауы құрлықтағы су нысандарымен байланыста болады. Бұл – түрлі табиғи жағдайлардың әсерінен туындайтын оқиғалар, олар адам өміріне қауіп төндіріп, қоршаған ортаға және шаруашылық нысандарға зақым келтіреді.
   Барлық қауіпті гидрологиялық құбылыстар іс жүзінде белгілі бір жерлерде көрініс береді.
   Қауіпті гидрологиялық құбылыстардың туындау себебін және сипатын білу:

  • олардың кейбірінің алдын алуға немесе олардың қиратушылық әсерінің күшін азайтуға;
  • зардаптарын жою бойынша іс-шараларға алдын ала әзірленуге;
  • тұрғындардың дұрыс, ойланып қадам жасауын анықтауға мүмкіндік береді.

   Мұндай қауіпті құбылыстармен күресте шығынның алдын алу немесе айтарлықтай азайту үшін алдын ала жүргізілетін сақтық шараларының, сонымен қатар қажетті ақпарат алудың маңызы зор.
   Табиғи қауіптер ешқашан толықтай жойыла алмайды. Бұл адамзат баласының қоршаған ортаны өзінің тіршілігі мен дамуының көзі ретінде тұрақты түрде пайдалануына байланысты.
   Табиғи гидрологиялық қауіптер, өзара бір-бірімен тығыз байланыста болғандықтан басқа да табиғи үдерістермен жағымсыз жалғасуы мүмкін. Жер сілкінісі сел жүруін, тасқын су басуын, көш көшкінін туындатуы мүмкін. Көптеген жағдайда теңіз дауылдары, дауыл, шаңды құйын нөсерге, тасқын су басуға, сел жүруіне ұласуы мүмкін. Қатты ыстық құрғақшылыққа ұласады. 

толығырақ : https://www.opiq.kz/kit/1/chapter/30

Кестте арқылы көрсетілген.

...