Қызыма мейрамымен құттықтауға арналған күшті өлеңдерді тауып беріңіздерші!

+1 дауыс
1.7k қаралым
Кызымды куштііііі жазылган оленмен куттыктасам деймін, ол олен онын тебірентіп жіберетін, әсерлі болса деймін, жане нагыз казакы создермен жазылса, нагыз созге шешен адам жазгандай олен болса деймін, маган комек беріп жібермейсіздер ме?!!! :-(
• Санаты: Жалпы сұрақ Белгісіз

1 жауап

+3 дауыс
Жанымды жебейді бір шуақты үміт,
Қалдың сен жүрегімді тұрақ қылып.
Түндегі шақырасын шамшырақтай,
Дәтіме келем сені қуат қылып.
 
Сұқтанып қарай берем күнде өзіңе,
Көңілді күй ойнатып күмбезіне.
Жанарым қарағанда тайқып кетіп,
Қаймығам қарағандай күн көзіне.
 
Тамсанып сұлулыққа, сүзілемін,
Қиығы қызғалдақтың - қызыл ерін.
Жүргенде жүз қызға да ырық бермей,
Дауылдай тынышымды бұзып едің.
 
Толқытып тұнық сезім еркім кетті,
Түңлігін үміт көңіл желпілдетті.
Жүрегім қаяу тартқан қайта түлеп,
Сүйгенде сені ғана серпілмекші.
 
Дәл сендей көргенім жоқ шын асылды,
Қылығың, мінезің де ұнасымды.
Өзіңнен мұратымды тапқандаймын,
Кеудеме махабаттың гүлі ашылды!

Ұқсас сұрақтар

0 дауыс
2 жауап
–1 дауыс
0 жауап
127,776 сұрақ
322,351 жауап
153,150 пікір
72,811 қолданушы