<img src="
title="" alt="" />
Бұл мейрамды ең алғаш рет Дания астанасы Копенгагенде тойлаған екен.
- мына мәліметке көз жүгіртіңіз
8 наурыз туралы 8 қызықты дерек
Әйелдер мейрамы ежелгі Римде де аталып өтілетін. Ол күні бас бостандығы бар әйелдер жолдастарынан сыйлық алатын болған, ал күңдерге ол күні қожайын тарапынан демалыс берілетін болған.
8 наурыз әлемнің барлық елдерінде Халықаралық әйелдер күні ретінде аталып өтпейді. Мысалы, Сирияда 8 наурыз күні "Төңкеріс күні" болса, Либерияда (Африканың батыс жағалауы) - "құрбан болғандарды еске алу күні".
Румынияда 8 наурыз екі мейрамның жүгін арқалаған. Бұл күн балалары анасы мен әжесіне сыйлық беретін "Аналардың күнімен" де сәйкес келеді.
Португалия мен Румынияда 8 наурыздың түнінде әйелдер тек қана әйелдер қауымына арналған жиындар мен орындарда көңіл көтереді. Бұндай дәстүрлер әйел статусын қоғам алдында биіктете түсу үшін шығарылған.
8 наурызға арналған гүлдерден мимоза мен нарцисс кең таралған, мейрамның бейресми символы мимоза гүлі. Дегенмен, көктемде бүр атқан барлық гүлдер осы мерекеде нәзік жандылардың басты қуанышына айналады.
1910 жыл - 8 наурыздың туған күні. Осы күннен бастап, осы бір мерейлі мерекенің ғұмыры талай армандар мен үміттің символындай болып әр жүректе өріліп келеді.
8 наурызды ресми түрде әлемнің 30-ға жуық елі тойлайды. Біздің елімізде бұл мереке кең көлемде аталып өтіледі. Кеңес Одағы құрамындағы барлық елдер Одақ ыдыраған соң да бұл мерекені тойлауды жалғастыруда.
8 наурыз көптеген тарихи оқиғаларды өзіне жүктейді. Осы күні әйелдер өзінің бостандығы үшін, теңдігі үшін ереуілге шыққан болатын.